«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысы мен ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен батырлар туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар батырлардың жанқиярлық ерлігі, Отанға деген адалдығы мен жауапкершілігі туралы пікір алмасты. Ерліктің мәні, оның бүгінгі жастар үшін маңызы талқыланып, патриоттық әндер мен өлеңдер оқылды.