«Заманауи білім беру жағдайында Lesson Study, Action Research және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану» тақырыбындағы қалалық семинар-тренинг туралы » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заманауи білім беру жағдайында Lesson Study, Action Research және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану» тақырыбындағы қалалық семинар-тренинг туралы
29
октябрь
2025

«Заманауи білім беру жағдайында Lesson Study, Action Research және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану» тақырыбындағы қалалық семинар-тренинг туралы

«Заманауи білім беру жағдайында Lesson Study, Action Research және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану» тақырыбындағы қалалық семинар-тренинг туралы


2025 жылдың қазан айында Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы TUTOR мектеп базасында серіктес №57, №64 және №17 мектептерімен бірлескен қалалық семинар-тренинг өткізілді. Семинарға жетекші мектеп әкімшілігі, серіктес мектептердің үйлестірушілері, фокус топ жетекшілері, зерттеуші мұғалімдер, жас мамандар, психологтер, дефектолог мамандар және пән мұғалімдері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, Lesson Study «Сабақты зерттеу» тәсілдерін тәжірибеге енгізу, білім сапасын арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстарын жүйелеу, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын сабақ үдерісінде тиімді қолдану жолдарын тәжірибе арқылы көрсету болды. Сонымен қатар серіктес мектептер арасында кәсіби тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру көзделді.

Семинар жұмысы қатысушыларды тіркеу кезеңінен басталды. Қонақтар арнайы дайындалған тіркеу аймағында қарсы алынып, оларға семинар бағдарламасы, үлестірмелі материалдар мен кері байланыс парақтары таратылды. Қатысушыларға фокус топтардың жұмыс бағыттары таныстырылып, семинардың негізгі бөлімдері туралы ақпарат берілді.

Семинардың ашылу салтанатында жетекші мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогтердің кәсіби дамуының маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде мұғалімнің зерттеуші ретіндегі рөлі, білім сапасын арттырудағы бірлескен зерттеу жұмыстарының тиімділігі, Lesson Study тәсілінің маңызы және жасанды интеллект құралдарының білім беру саласындағы мүмкіндіктері кеңінен айтылды. Сонымен қатар серіктес мектептер арасындағы кәсіби ынтымақтастықтың тәжірибе алмасуға және білім сапасын көтеруге оң ықпал ететіні атап өтілді.

Семинардың бірінші бөлімінде «Lesson Study (Сабақты зерттеуді) жүргізу алгоритмі» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренингті педагог-шебер Н. Усерова мұғалімдер жүргізіп, зерттеу тәсілдерінің негізгі кезеңдерін тәжірибелік тұрғыда түсіндірді. Қатысушыларға зерттеу проблемасын анықтау, зерттеу сұрағын құрастыру, бақылауға алынатын оқушыларды таңдау, зерттеу сабағын жоспарлау, бақылау жүргізу, деректер жинау, талдау жасау, рефлексия жүргізу және қорытынды шығару жолдары көрсетілді.

Тренинг барысында білім сапасын арттырудағы нақты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, оқушылардың оқу мотивациясының төмендігі, функционалдық сауаттылықтың жеткіліксіздігі, мәтінмен жұмыс жасау дағдылары, сыни ойлау қабілетін дамыту және саралап оқытудағы қиындықтар қарастырылды. Қатысушылар топтық жұмыс барысында зерттеу сұрақтарын құрастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер «Саралап оқыту тәсілдері оқушылардың оқу белсенділігіне қалай әсер етеді?», «Функционалдық тапсырмалар оқушылардың мәтінді түсіну дағдыларын дамыта ма?», «ЖИ құралдарын қолдану оқушылардың қызығушылығын арттыра ала ма?» сияқты зерттеу сұрақтарын ұсынды. Тренингтің тәжірибелік бөлімінде зерттеу сабағының жоспары әзірленіп, бақылау парақтарымен жұмыс жүргізілді.

Семинардың келесі бөлімінде қатысушылар Lesson Study аясында өткізілген ашық сабақтарға қатысты. Ашық сабақтардың мақсаты зерттеу сұрағына сәйкес сабақтың ұйымдастырылуын көрсету және білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде талдау болды. Сабақ барысында мұғалімдер саралап оқыту әдістерін, топтық жұмысты, функционалдық тапсырмаларды, қалыптастырушы бағалау тәсілдерін және цифрлық платформаларды тиімді қолдану жолдарын көрсетті.

Бақылаушы мұғалімдер алдын ала белгіленген зерттеу оқушыларын бақылап, олардың тапсырманы орындау деңгейін, оқу белсенділігін, ынтымақтастық әрекеттерін, тапсырманы түсінуін және сыни ойлау қабілеттерін зерттеді. Сабақтан кейін кәсіби талдау ұйымдастырылып, сабақ мақсатының орындалуы, зерттеу сұрағына сәйкестігі, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, оқушылардың оқу әрекеттері және білім сапасына әсері талқыланды. Мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты. Әсіресе зерттеу сабақтарынан кейінгі рефлексия жүргізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Семинардың үшінші бөлімінде «Lesson Study зерттеуін тиімді ұйымдастыру және ЖИ құралдарын қолдану» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг барысында қатысушыларға Lesson Study циклін жоспарлау, зерттеу сұрағын нақтылау, бақылау жүргізу әдістері, деректерді талдау, рефлексия жазу және зерттеу қорытындысын рәсімдеу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар мұғалімдерге  AI платформаларын қолдану арқылы сабақ жоспарын әзірлеу, сараланған тапсырмалар дайындау, бағалау критерийлерін құрастыру, тест тапсырмаларын жасау және презентациялар әзірлеу жолдары тәжірибелік түрде көрсетілді. Практикалық бөлімде мұғалімдер өз пәндері бойынша жасанды интеллект көмегімен қысқа мерзімді жоспарлар дайындап, заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндіктерімен танысты. Қатысушылар зерттеу жұмыстарын жүргізудің нақты алгоритмін меңгергендерін және ЖИ құралдарының уақыт үнемдеуге әрі сабақ сапасын арттыруға көмектесетінін атап өтті.


Семинар соңында қатысушылардан кері байланыс алынды. Мұғалімдер семинар барысында Lesson Study жүргізудің нақты қадамдарын тәжірибеде көргендерін, зерттеу сұрағын құрастырудың жолдарын меңгергендерін және зерттеу сабағында оқушы әрекетін бақылаудың маңыздылығын түсінгендерін айтты. Сонымен қатар  ЖИ платформалары  арқылы сабақ жоспарын дайындаудың тиімділігіне тоқталып, семинардың тәжірибеге бағытталған мазмұнды форматта ұйымдастырылғанын атап өтті. Ашық сабақтар мен зерттеу сабақтарын талдау барысында көптеген жаңа идеялар алғандарын білдірді.

Қорытындылай келе, өткізілген қалалық семинар-тренинг педагогтердің кәсіби дамуына, зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуына және цифрлық құзыреттілігінің артуына оң ықпал етті. Семинар нәтижесінде мұғалімдер Lesson Study және Action Research жүргізу алгоритмін меңгеріп, зерттеу сұрағын құрастыру, зерттеу сабағын жоспарлау, бақылау мен талдау жұмыстарын жетілдіру дағдыларын дамытты. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану тәжірибесі кеңейіп, серіктес мектептер арасындағы кәсіби тәжірибе алмасу нығая түсті.

Семинар қорытындысы бойынша Lesson Study  (Сабақты зерттеу) жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру, зерттеу сабақтарын бірлескен талдау жұмыстарын күшейту, жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлау мен бағалау үдерісінде тұрақты пайдалану, сондай-ақ серіктес мектептер арасындағы кәсіби қолдау мен тәжірибе алмасуды жандандыру ұсынылды.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив