«Фокус топ мүшелерінің кәсіби сұхбаты» туралы » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Фокус топ мүшелерінің кәсіби сұхбаты» туралы
18
сентябрь
2025

«Фокус топ мүшелерінің кәсіби сұхбаты» туралы

Қаратай Тұрысов таныдағы №53 мектеп – гимназиясының  TUTOR мектеп жылдық жұмыс жоспарына сәйкес сүйемелдеу  мектептермен бірлескен кәсіби желілік қоғамдастық аясында «Фокус топ мүшелерінің кәсіби сұхбаты» ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға жетекші мектептің көшбасшы мұғалімдері, серіктес мектеп үйлестірушілері, зерттеуші педагогтер, жас мамандар және фокус топ жетекшілері қатысты.

Аталған кәсіби сұхбаттың негізгі мақсаты – жоба аясында құрылатын фокус топтардың құрамын анықтау, зерттеу бағыттарын белгілеу, педагогтердің кәсіби қажеттіліктерін саралау және бірлескен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болды.

Бүгінгі білім беру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби дамуы, тәжірибе алмасуы және зерттеу мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты фокус топ жұмысы педагогтердің кәсіби қоғамдастықтағы белсенділігін арттыруға, оқыту тәжірибесін жетілдіруге және білім сапасын көтеруге бағытталды.

Іс-шара барысында алдымен TUTOR мектептің үйлестірушілері желілік қоғамдастық жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып өтті. Қатысушыларға 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары ұсынылып, жыл көлемінде жүргізілетін коучингтер, Lesson Study, Action Research, зерттеу сабақтары, тәжірибе алмасу алаңдары және мониторинг жұмыстары туралы толық ақпарат берілді.

Кәсіби сұхбат барысында педагогтердің кәсіби қызығушылықтары мен тәжірибелік бағыттары ескеріліп, фокус топтардың сапалық құрамы жасақталды. Әр мұғалімнің кәсіби тәжірибесі, пән ерекшелігі, зерттеу жүргізуге деген қызығушылығы және шығармашылық белсенділігі назарға алынды.

Сұхбат нәтижесінде бірнеше бағыт бойынша фокус топтар құрылды. Атап айтқанда:

  • білім сапасын арттыру;
  • Lesson Study және Action Research;
  • инклюзивті білім беру;
  • жасанды интеллект және цифрлық технологиялар;
  • функционалдық сауаттылықты дамыту;
  • PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық;
  • жас мамандармен жұмыс;
  • оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу бағыттары бойынша зерттеу топтары ұйымдастырылды.

Әрбір фокус топтың жетекшілері бекітіліп, олардың жұмыс жоспары нақтыланды. Сонымен қатар топ мүшелерінің атқаратын міндеттері мен зерттеу жүргізу кезеңдері талқыланды.

Кәсіби сұхбат барысында фокус топтардың мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.


Фокус топтардың мақсаты

  • педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
  • мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мәдениетін қалыптастыру;
  • білім сапасын арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • заманауи педагогикалық технологияларды тәжірибеге енгізу;
  • мұғалімдердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру;
  • бірлескен кәсіби орта құру.



Фокус топтардың міндеттері

  • Lesson Study және Action Research тәсілдерін жүйелі жүргізу;
  • педагогтердің кәсіби мәселелерін анықтау және шешу жолдарын қарастыру;
  • білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу;
  • мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын дамыту;
  • жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдану;
  • инклюзивті білім беру тәжірибесін жетілдіру;
  • жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету;
  • зерттеу нәтижелерін талдау және тәжірибеге енгізу;
  • педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру.

Сұхбат барысында мұғалімдер өздерінің кәсіби проблемалары мен тәжірибеде кездесетін қиындықтары туралы пікір алмасты. Әсіресе:

  • оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуі;
  • функционалдық сауаттылықты дамыту;
  • бағалау жүйесіндегі қиындықтар;
  • инклюзивті сыныптармен жұмыс;
  • цифрлық технологияларды тиімді қолдану;
  • сабақтағы белсенді әдіс-тәсілдерді енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

Педагогтер аталған мәселелерді бірлескен зерттеу арқылы шешудің тиімділігіне тоқталып, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар кәсіби сұхбат барысында жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселесі де қарастырылды. Мұғалімдерге ChatGPT, Canva AI, Quizizz AI, Copilot платформаларын сабақ жоспарлау, тапсырма дайындау, бағалау критерийлерін құрастыру және оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында пайдалану жолдары түсіндірілді.

Көшбасшы мұғалімдер фокус топтардың алдағы жұмыс формаларына тоқталып өтті. Атап айтқанда:

  • зерттеу сабақтарын өткізу;
  • коучингтер ұйымдастыру;
  • кәсіби пікірталас алаңдарын өткізу;
  • ашық сабақтар көрсету;
  • рефлексиялық талдау жүргізу;
  • зерттеу нәтижелерін тарату жұмыстары жоспарланды.

Іс-шара барысында қатысушылар арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, мұғалімдер өз ұсыныстары мен идеяларын ортаға салды. Педагогтер бірлескен зерттеу жұмыстары кәсіби дамуға ықпал ететінін және тәжірибе сапасын арттыратынын атап өтті.

Кері байланыс нәтижесінде мұғалімдердің басым бөлігі фокус топтар жұмысына қызығушылық танытып, кәсіби қоғамдастық аясында жүйелі жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.

Кәсіби сұхбаттың қорытындысы бойынша:

  • фокус топтардың сапалық құрамы анықталды;
  • зерттеу бағыттары нақтыланды;
  • топ жетекшілері бекітілді;
  • бірлескен жұмыс жоспары құрылды;
  • зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері белгіленді;
  • педагогтердің кәсіби қажеттіліктері сараланды;
  • тәжірибе алмасу және кәсіби қолдау көрсету жүйесі қалыптасты.

Жалпы алғанда, өткізілген кәсіби сұхбат педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға, зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды әдістемелік алаң болды. Фокус топтардың жүйелі жұмысы алдағы уақытта мұғалімдердің кәсіби өсуіне, инновациялық тәжірибелерді енгізуге және оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды.


Ұсыныстар

  1. Фокус топтардың жұмысын жүйелі ұйымдастырып, зерттеу сабақтарының сапасын арттыру;
  2. Lesson Study және Action Research жұмыстарын тұрақты жүргізу арқылы педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту;
  3. Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін жетілдіру мақсатында жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша тәжірибелік жұмыстарды көбейту;
  4. Серіктес мектептер арасында кәсіби тәжірибе алмасу және өзара әдістемелік қолдау жұмыстарын жандандыру.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив