«PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық және білім сапасын арттырудағы талдау жұмыстары» бойынша серіктес мектептердің проблемалық бағыттарын анықтау және шешу жолдары » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық және білім сапасын арттырудағы талдау жұмыстары» бойынша серіктес мектептердің проблемалық бағыттарын анықтау және шешу жолдары
10
декабрь
2025

«PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық және білім сапасын арттырудағы талдау жұмыстары» бойынша серіктес мектептердің проблемалық бағыттарын анықтау және шешу жолдары

«PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық және білім сапасын арттырудағы талдау жұмыстары» бойынша сүйемелдеу мектептердің проблемалық бағыттарын анықтау және шешу жолдары


2025 жылдың 10 желтоқсанда TUTOR мектептің жұмыс жоспарына сәйкес серіктес №57, №64 және №17 мектептері арасында «PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық және білім сапасын арттырудағы талдау жұмыстары» тақырыбында кешенді талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау жұмыстары семинар-практикум, мониторинг, диагностикалық бақылау, Lesson Study бақылаулары, сабақтарға қатысу және пән мұғалімдерімен кәсіби сұхбаттар негізінде ұйымдастырылды.

Зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – серіктес мектептердегі білім сапасына әсер ететін проблемалық бағыттарды анықтау, халықаралық зерттеу талаптарына сәйкестігін талдау және білім сапасын арттыруға бағытталған нақты әдістемелік қолдау жолдарын белгілеу болды.

Талдау барысында мектептердің оқу үдерісі, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі, функционалдық сауаттылық бағытындағы жұмыстары, оқушылардың зерттеушілік және логикалық ойлау дағдылары, мониторинг пен талдау мәдениеті жан-жақты қарастырылды. Әр мектептің өзіндік ерекшелігі мен проблемалық бағыттары анықталып, оларды шешудің нақты жолдары ұсынылды.

№64 мектеп бойынша талдау


Жүргізілген мониторинг, диагностикалық жұмыстар және сабақтарға қатысу барысында №64 мектептегі негізгі мәселе оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендігі екендігі анықталды. Әсіресе оқушылар мәтінмен жұмыс жасау, ақпаратты талдау, салыстыру, қорытынды шығару және өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмаларды орындау кезінде қиындықтарға тап болды.

Сабақтарды бақылау барысында мұғалімдердің басым бөлігі оқыту әдістерін жаңаша әдіс тәсілдерді қолданатыны байқалды. Көп жағдайда мұғалімнің түсіндіруі негізгі орында болып, оқушылардың өздігінен ізденуіне, талдау жасауына, пікір білдіруіне және зерттеу әрекеттеріне жеткілікті мүмкіндік беруде. 

Диагностикалық жұмыстар нәтижесінде жоғары сынып оқушыларының білім сапасының төмендігі   мен функционалды  сауаттылық  тапсырмалардың жеткіліксіз деңгейде орындалмау себебі  оқушылардың теориялық білімдерін басқа мектепте  ашылғаны білім фундаментінің қалыптасуы, оқушылар материалды   есте сақтағанымен, оны тәжірибеде қолдану деңгейі төмен екендігі анықталды. Мысалы, PISA форматындағы мәтіндік тапсырмаларда оқушылар мәтіндегі негізгі ойды анықтауда, дәлел келтіруде және ақпаратты өмірмен байланыстыруда қиналған. TIMSS бағытындағы логикалық және қолданбалы есептерде де талдау жасау дағдылары әлсіз екендігі байқалды.

Lesson Study бақылаулары барысында зерттеу оқушыларды мәтін бойынша өз ойын дәлелдеуін, ақпаратты салыстыруды, деректермен жұмыс жасау, мәселені шешу жолдарын ұсынуды үйрене бастады 

Сонымен қатар сабақтарда саралап оқыту жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуда.  Кей оқушылар тапсырманы орындауда қиындық көргенімен, оларға нақты қолдау көрсету тетіктері уақытылы кеңес алу көрініс табуда.  Қалыптастырушы бағалау барысында кері байланыс беру үнемі жүргізіледі . 

Мұғалімдермен жүргізілген кәсіби сұхбаттар барысында функционалдық тапсырмалар құрастыруда және халықаралық зерттеу форматындағы тапсырмаларды сабаққа үнемі кіріктіру айтылды. Мұғалімдердің бір бөлігі PISA және TIMSS талаптарына сәйкес тапсырмалар дайындауда тәжірибелік қолдауды қажет ететінін көрсетті.

№64 мектептегі негізгі проблема – оқушылардың функционалдық сауаттылығының төмендігі және сабақ барысында зерттеушілік, талдау бағытындағы тапсырмалардың кеңінен пайдалану,  оқушылардың білімді өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларының болғандықтан, халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындау деңгейі жеткіліксіз  екендігі байқалды.

Ұсынылған шешу жолдары

Анықталған мәселелерді шешу мақсатында:

  • PISA және TIMSS форматындағы тапсырмаларды әр сабаққа жүйелі енгізу;
  • мәтінмен жұмыс жасау және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар санын арттыру;
  • Lesson Study аясында функционалдық сауаттылық мәселесін зерттеу;
  • мұғалімдерге саралап оқыту және зерттеушілік тапсырмалар құрастыру бойынша тәжірибелік коучингтер өткізу;
  • қалыптастырушы бағалау мен сапалы кері байланысты жетілдіру;
  • сыни ойлау және логикалық талдау тапсырмаларын көбейту ұсынылды.

№57 мектеп бойынша талдау

№57 мектепте жүргізілген талдау жұмыстары барысында негізгі проблема ретінде оқушылардың оқу мотивациясының төмендігі анықталды. Сабақтарға қатысу кезінде кейбір оқушылардың оқу үдерісіне белсенді араласпайтыны, тапсырмаларды орындауға қызығушылығы төмен екендігі байқалды. Оқушылардың бір бөлігі тек мұғалімнің нұсқауымен жұмыс жасап, өздігінен ізденуге және талдау жасауға белсенділік танытпаған.

Сабақтарды талдау барысында кей мұғалімдердің оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді жеткілікті деңгейде қолданбайтыны анықталды. Сабақ құрылымында мұғалімнің түсіндіруі басым болып, оқушы әрекеті екінші орында қалған. Бұл жағдай оқушылардың пәнге деген қызығушылығын төмендетіп, оқу белсенділігіне әсер еткені байқалды.

Сонымен қатар топтық жұмыстардың тиімді ұйымдастырылмауы да анықталды. Кей сабақтарда топтық жұмыс болғанымен, оқушылар арасында нақты рөлдер бөлінбеген, бірлескен талдау мен пікір алмасу жеткіліксіз жүргізілген. Нәтижесінде топтық жұмыс формалды сипатта қалып отырғаны байқалды.

Диагностикалық жұмыстар барысында оқушылардың:

  • график және диаграммамен жұмыс жасауы;
  • ақпаратты талдауы;
  • логикалық ойлауы;
  • мәселені шешуі;
  • өз пікірін дәлелдеуі төмен деңгейде екендігі анықталды.

Сонымен қатар халықаралық зерттеу форматындағы тапсырмалар сабақ барысында сирек қолданылатыны байқалды. Мұғалімдердің басым бөлігі дәстүрлі тапсырмалармен шектеліп, өмірлік жағдаяттарға негізделген функционалдық тапсырмаларды жүйелі пайдаланбаған.

Мұғалімдермен жүргізілген сұхбат барысында оқушылардың оқу белсенділігін арттыру үшін сабақтарды тәжірибеге жақын, өмірмен байланысты және қызықты форматта ұйымдастыру қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ цифрлық платформаларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік бар екендігі көрсетілді.

№57 мектеп бойынша қорытынды

№57 мектептегі негізгі мәселе – оқушылардың оқу мотивациясының төмендігі және сабақтарда белсенді оқыту әдістерінің жеткіліксіз қолданылуы. Сабақтағы оқушы белсенділігінің төмен болуы функционалдық сауаттылық пен зерттеушілік дағдылардың дамуына кері әсер еткен.

Ұсынылған шешу жолдары

Анықталған мәселелерді шешу үшін:

  • белсенді оқыту әдістерін жүйелі қолдану;
  • зерттеушілік және жобалық тапсырмаларды көбейту;
  • PISA форматындағы өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмаларды енгізу;
  • топтық жұмыс дағдыларын дамыту;
  • цифрлық платформаларды тиімді пайдалану;
  • оқушылардың қызығушылығын арттыратын тәжірибелік тапсырмаларды көбейту;
  • мұғалімдерге функционалдық тапсырмалар құрастыру бойынша практикалық семинарлар өткізу ұсынылды.


№17 мектеп бойынша талдау

№17 мектепте жүргізілген талдау жұмыстары барысында негізгі проблема ретінде пән мұғалімдерінің сабақты зерттеу және оны талдау мәдениетінің жеткіліксіздігі анықталды. Сабақтарға қатысу, құжаттарды зерделеу және мұғалімдермен жүргізілген кәсіби сұхбаттар барысында білім сапасына терең талдау жүргізілмейтіні байқалды.

Мектепте оқушылардың біліміндегі нақты олқылықтарды анықтау, диагностикалық нәтижелерді саралау және сол нәтижелер негізінде түзету жұмыстарын жоспарлау жүйелі түрде ұйымдастырылмаған. Кей жағдайда мониторинг нәтижелері тек сандық көрсеткіш деңгейінде қалып, нақты педагогикалық шешім қабылдауға бағытталмағаны байқалды.

Lesson Study бақылаулары барысында кей мұғалімдердің зерттеу сұрағын нақты құрастыруда, бақылау нәтижелерін талдауда және рефлексия жүргізуде қиындық көретіні анықталды. Зерттеу сабақтарының талдауы көбіне жалпы сипатта жүргізіліп, нақты деректерге сүйенген кәсіби талдау жеткіліксіз болған.

Сонымен қатар сабақтарда саралап оқыту жұмыстары әлсіз ұйымдастырылғаны байқалды. Кей оқушылардың біліміндегі айырмашылықтар ескерілмей, барлық оқушыларға бірдей тапсырмалар ұсынылған. Бұл үлгерімі төмен оқушылардың оқу белсенділігіне әсер еткен.

Цифрлық ресурстарды тиімді қолдану деңгейі де төмен екендігі байқалды. Сабақ барысында халықаралық зерттеу форматындағы тапсырмалар тұрақты қолданылмаған. Мұғалімдердің бір бөлігі мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізуде заманауи цифрлық құралдарды пайдалануда тәжірибелік қолдауды қажет ететіні анықталды.

Диагностикалық нәтижелер оқушылардың:

  • өз ойын дәлелдеуі;
  • мәтінді салыстыруы;
  • қорытынды жасауы;
  • күрделі тапсырмаларды орындауы;
  • логикалық пайымдауы әлсіз екендігін көрсетті.

№17 мектеп бойынша қорытынды

№17 мектептегі негізгі проблема – мониторинг пен талдау мәдениетінің жеткіліксіздігі және зерттеу жұмыстарының жүйесіз ұйымдастырылуы. Нақты деректерге негізделген талдау жұмыстарының әлсіздігі білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың тиімділігіне әсер еткені байқалды.

Ұсынылған шешу жолдары

Анықталған мәселелерді шешу үшін:

  • білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу;
  • нақты деректер негізінде талдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Lesson Study және Action Research жұмыстарын тұрақты өткізу;
  • мұғалімдерге кәсіби талдау жасау бойынша тәжірибелік қолдау көрсету;
  • цифрлық платформаларды мониторинг жұмыстарында тиімді қолдану;
  • зерттеу сабақтарын ұйымдастыру және рефлексия жүргізу бойынша коучингтер өткізу ұсынылды.



Жалпы қорытынды

Жүргізілген кешенді талдау жұмыстары серіктес мектептердегі білім сапасына әсер ететін негізгі проблемалық бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді.

Талдау нәтижесінде барлық мектептерге ортақ мәселелер ретінде:

  • функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендігі;
  • оқушылардың зерттеушілік және талдау дағдыларының әлсіздігі;
  • халықаралық зерттеу форматындағы тапсырмалардың жеткіліксіз қолданылуы;
  • мониторинг пен талдау мәдениетінің толық қалыптаспауы;
  • белсенді оқыту әдістерінің жүйелі қолданылмауы анықталды.

Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктері нақтыланып, әдістемелік қолдау бағыттары белгіленді.

Алдағы уақытта серіктес мектептерде:

  • Lesson Study және Action Research жұмыстарын жүйелеу;
  • PISA, TIMSS форматындағы тапсырмаларды тұрақты енгізу;
  • функционалдық сауаттылықты дамыту;
  • цифрлық және зерттеушілік құзыреттілікті арттыру;
  • мониторинг пен кәсіби талдау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жоспарланды.

Жүргізілген талдау жұмыстары білім сапасын арттыруға бағытталған нақты әрекеттерді жоспарлауға, серіктес мектептердің кәсіби даму бағытын айқындауға және әдістемелік қолдау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив