TUTOR мектебі мен сүйемелдеу мектептерінің 2025–2026 оқу жылы І жартыжылдығы бойынынша жұмысының қорытынды есебі
TUTOR мектебі мен сүйемелдеу мектептерінің 2025–2026 оқу жылы І жартыжылдығы бойынынша жұмысының қорытынды есебі
2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығында Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы TUTOR мектеп ретінде Тараз қаласындағы №57, №64 және №17 сүемелдеу мектептерімен бірлескен желілік кәсіби қоғамдастық жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып жүргізілді. Жартыжылдық барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім сапасын көтеру, зерттеу мәдениетін қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты дамыту және заманауи цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылды.
Жұмыстар жылдық жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, сүйемелдеу мектептердің кәсіби қажеттіліктері негізінде жүргізілді. І жартыжылдықтағы барлық іс-шаралар педагогтердің тәжірибе алмасуына, зерттеу жүргізу дағдыларын дамытуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталды.
Жартыжылдық басында сүйемелдеу мектептерінің алғашқы отырысы өткізіліп, 2025–2026 оқу жылына арналған жоба жұмысының жоспары бекітілді. Отырыста өткен оқу жылының қорытындысы талданып, серіктес мектептердің кәсіби даму бағыттары анықталды. Сонымен қатар фокус топтардың құрамы бекітіліп, Lesson Study, Action Research, коучингтер, семинарлар және тәжірибе алмасу алаңдарының жұмыс кестесі нақтыланды.
І жартыжылдықта педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға ерекше назар аударылды. Осы бағытта «2025–2026 оқу жылындағы ӘНХ және жасанды интеллект құралдарын білім беруде қолдану» тақырыбында әдістемелік вебинар ұйымдастырылды. Вебинар барысында мұғалімдерге Әдістемелік нұсқау хаттың негізгі бағыттары түсіндіріліп, білім беру жүйесіндегі өзгерістер талқыланды. Сонымен қатар ChatGPT, Canva AI, Copilot, Quizizz AI секілді жасанды интеллект платформаларын сабақ жоспарын әзірлеуде, тапсырмалар құрастыруда, бағалау жұмыстарын ұйымдастыруда және оқушылардың қызығушылығын арттыруда тиімді қолдану жолдары тәжірибелік түрде көрсетілді.
Практикалық жұмыстар барысында мұғалімдер ЖИ құралдарын пайдалану арқылы қысқа мерзімді жоспарлар әзірлеп, цифрлық платформалардың мүмкіндіктерімен танысты. Бұл жұмыстар педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және заманауи білім беру талаптарына бейімделуіне оң ықпал етті.
Жартыжылдық барысында фокус топ мүшелерінің кәсіби сұхбаттары ұйымдастырылып, зерттеу бағыттары нақтыланды. Педагогтердің кәсіби қажеттіліктері сараланып, білім сапасына әсер ететін негізгі проблемалар анықталды. Фокус топтар төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:
- Lesson Study және Action Research;
- функционалдық сауаттылықты дамыту;
- инклюзивті білім беру;
- цифрлық технологиялар мен ЖИ құралдарын қолдану;
- PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық;
- жас мамандармен жұмыс;
- білім сапасын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер.
Фокус топ жұмыстары барысында педагогтердің кәсіби ынтымақтастығы артып, тәжірибе алмасу мәдениеті қалыптаса бастады. Мұғалімдер бірлескен зерттеу сабақтарын жоспарлап, кәсіби талдау жүргізу дағдыларын жетілдірді.
Сонымен қатар І жартыжылдықта «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі және цифрлық сауаттылығы» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде серіктес мектептердің кәсіби проблемалық бағыттары анықталды.
№17 мектеп бойынша цифрлық платформаларды тиімді қолдану, Lesson Study жүргізу және функционалдық сауаттылық тапсырмаларын әзірлеу бағытында қиындықтар анықталды. Мұғалімдердің зерттеу мәдениетін дамыту қажеттілігі байқалды. Осыған байланысты практикалық коучингтер, зерттеу сабақтары және цифрлық платформаларды қолдану бойынша әдістемелік қолдау жұмыстары жүргізілді.
№57 мектепте оқушылардың оқу мотивациясының төмендігі, белсенді оқыту әдістерін жеткіліксіз қолдану және инклюзивті білім беру бағытындағы қиындықтар анықталды. Бұл бағытта тәжірибелік семинарлар, белсенді оқыту әдістері бойынша коучингтер және PISA форматындағы тапсырмалармен жұмыс ұйымдастырылды.
№64 мектепте функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендігі, зерттеу мәдениетінің әлсіздігі және сабақтарда талдау тапсырмаларының жеткіліксіз қолданылуы байқалды. Осы мәселелерді шешу мақсатында Lesson Study циклдері, зерттеу сабақтары, мониторинг және кәсіби талдау жұмыстары ұйымдастырылды.
2025 жылдың қазан айында «Заманауи білім беру жағдайында Lesson Study, Action Research және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өткізілді. Семинар барысында:
- Lesson Study жүргізу алгоритмі;
- зерттеу сұрағын құрастыру;
- зерттеу сабағын жоспарлау;
- бақылау жүргізу;
- рефлексия және кәсіби талдау жасау;
- ЖИ құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану жолдары тәжірибелік тұрғыда көрсетілді.
Семинар аясында ашық зерттеу сабақтары өткізіліп, мұғалімдер оқушылардың оқу әрекеттерін бақылау және талдау жұмыстарын жүргізді. Зерттеу сабақтарынан кейін кәсіби пікірталас ұйымдастырылып, сабақтың білім сапасына әсері талқыланды. Педагогтер Lesson Study тәсілінің білім сапасын арттырудағы тиімділігін атап өтті.
Желтоқсан айында «PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық және білім сапасын арттырудағы талдау жұмыстары» бойынша кешенді мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында серіктес мектептердің функционалдық сауаттылық деңгейі, зерттеушілік дағдылары, талдау мәдениеті және халықаралық зерттеу форматындағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу деңгейі сараланды.
Талдау нәтижесінде барлық мектептерге ортақ төмендегідей мәселелер анықталды:
- оқушылардың функционалдық сауаттылығының жеткіліксіздігі;
- мәтінмен жұмыс жасау және ақпаратты талдау дағдыларының әлсіздігі;
- PISA, TIMSS форматындағы тапсырмалардың аз қолданылуы;
- саралап оқыту жұмыстарының жүйесіздігі;
- мониторинг пен кәсіби талдау мәдениетінің толық қалыптаспауы;
- белсенді оқыту әдістерін қолдану деңгейінің төмендігі.
Жартыжылдық барысында анықталған проблемалар бойынша сүйемелдеу мектептерге әдістемелік қолдау көрсетіліп, коучингтер, практикалық семинарлар және зерттеу сабақтары ұйымдастырылды. Lesson Study және Action Research жұмыстары жүйеленіп, педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жанданды.
І жартыжылдық қорытындысы бойынша төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:
- сүйемелдеу мектептер арасындағы кәсіби ынтымақтастық нығайды;
- педагогтердің цифрлық және зерттеушілік құзыреттілігі артты;
- Lesson Study және Action Research жұмыстары жүйелене бастады;
- мұғалімдердің тәжірибе алмасу мәдениеті қалыптасты;
- жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесі кеңейді;
- білім сапасын арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары жандандырылды;
- функционалдық сауаттылық бағытындағы жұмыстар күшейтілді;
- PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары жүйеленді.