Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы 2018 – 2019 оқу жылы, наурыз айы » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы 2018 – 2019 оқу жылы, наурыз айы
09
апрель
2019

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы 2018 – 2019 оқу жылы, наурыз айы

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы

2018 – 2019 оқу жылы, наурыз айы

Мектеп –гимназия директорының 2019 жыл 25 ақпан № 26 бұйрығы негізінде 2019 жыл 25 ақпан күні мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді

Тексеру жүргізгендер:

1)Халықтаева Г.Т. – ата-аналар комитетінің төрайымы

2)Даданбаева Э.Т.– директордың орынбасары

3)Гужавина Н. П. – технолог

4)Жайпанова А. – мүшесі, мектеп медбикесі

5) Тұяқбаева Г.С. – әлеуметтік педагог

Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:

Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдарды дайындау технологиясы, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі.

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:

Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мектептегі 2168 оқушының 1780-і ыстық тамақпен қамтылған, ақысыз ыстық тамақпен 239 оқушы қамтылған. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог Г.Тұяқбаева қадағалайды.

Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы , тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай , ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады.Асханадағы дайындалатын кунделікті тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай кунделікті даярланады. Мектеп медбикесі асхананың , санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркеп отырады. Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұрады. Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын, шикі тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделікті қадағалап отырады. Дайындалатын тағамдар меню рецептураларына сәйкес жасалып отырады. Асханада тағамдардың дайындалу тәсілі, тамақтың сапасы, құнарлығын комиссия мүшелері күнделікті қадағалап тексереді. Сондайақ ыстық тамақтың талапқа сай дайындалуын қадағалап отырады. Асхананың іші таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Технологиялық және тазалықты сақтау құралдарымен жабдықталған.

Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.

Шешімі:

1.Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.

2.Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.

3.Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.

Ұсыныс:

1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.

2.Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Халықтаева Г.Т.

Директордың орынбасары, мүшесі:Даданбаева Э.Т.

Технолог: ГужавинаН.П.

Мектеп медбикесі, мүшесі: Жайпанова А.

Әлеуметтік педагог, мүшесі: Тұяқбаева Г.С.


Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы  2018 – 2019 оқу жылы, наурыз айы

 

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы  2018 – 2019 оқу жылы, наурыз айы

 

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы  2018 – 2019 оқу жылы, наурыз айы

 

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы  2018 – 2019 оқу жылы, наурыз айы

 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив