11
декабрь
2024
«Болашаққа хат» шығарма жазу челленджі
“Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы” мүшелерінің ұйымдастыруыменТәуелсіздік күні – халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын мереке. Дәл осы күні күллі әлем Қазақстан Республикасын дербес мемлекет ретінде таныды. Қазақ елі алмағайып өтпелі кезеңдердің барлық қиындығын жеңіп, биікке көтеріліп келеді. "Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын!" - деп тілеген ата-бабамыздың арманы орындалды.
Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешіп жатқан Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 5-11сынып білім алушылары арасында «Болашаққа хат» шығарма жазу челленджі ұйымдастырылды. Хат жанры- ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі.Шығарма жазу барысында ақ қағазға көк сиямен ойларын еркін жазды. Хат жазу үлгісін сақтады. Ерекше жазу мәнерімен ерекшеленген білім алушылар марапатталды.