қалалық семинар-практикум
2023 жылдың 23 қараша күні Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп- гимназиясында «Ізденіс» ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес "Биология, химия сабақтарында пәндік құзіреттілікті дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" тақырыбында химия- биология пән мұғалімдеріне арналған қалалық семинар-практикумы өткізілді.
Мақсаты:
Биология, химия пәндерінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіре отырып, білім сапасын арттыру.
Міндеттері:
- Биология, химия сабақтарында пәндік құзыреттіліктерін дамыта отырып, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру арқылы оқу мақсатына жету жолдарын көрсету;
- Іс-әрекет арқылы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытуға арналған әдістер мен ұсынымдар беру;
- Педагогтарды ізденістерге және педагогикалық шеберлікке тарту.
Семинар –практикумды мектеп-гимназия директоры алғы сөзімен ашты.
Бағдарлама бойынша «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Ю.Ертуганова тренинг өтті.
«Биология, химия сабақтарыңда пәндік құзыреттілікті дамыту, функциналды сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында биология пәні мұғалімі Абылова А. және химия пәні мұғалімі Пернебаева Т. коучинг жүргізіп, функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша ой-қозғап, қолдануға тиімді әдістермен таныстырды. Тилеубаева Т., Убичова М.,Абилдаева Н.,Катханова К. 7,8,10 сыныптарға ашық сабақ өткізіп, сабақта қолдануға болатын тиімді-әдістерді көрсетті. Және семинар –практикумды қорытындылай келе «Табиғат балалар көзімен....» атты мектеп – гимназиямызда ашылған «Жасыл бұрыш» жобасымен Ахметова А таныстырып, білім алушылар өз жобаларымен, макеттерін, сурет. т.б жұмыстарынан таныстырылым жасады.
Семинар соңында қала мектептерінің биология, химия пән мұғалімдері семинар-практикум бойынша өз ойларымен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
Семинар – практикумға қала мектептерінен 32 мұғалім қатысты.













