«Тарих сабағында ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім беру» тақырыбында қалалық семинар-практикум
2023 жылдың 18 қаңтары күні Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында «Тарих сабағында ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім беру» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Мақсаты: Тарих сабағында құндылыққа бағытталған білім бере отырып, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін бағалауға үйрету.
Семинар –практикумды мектеп-гимназия директоры С. Төлеу алғы сөзімен ашты. Қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Халымбетова сөз алып, семинарға сәттілік тіледі.
Семинар-практикумда Е.Даданбаева, Г.Алтынбекова, Д.Байжанова, Р.Таңатбаева, З.Мырзабекова, Г.Жунтаева, А.Суюмбекова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Барлығы қала мектептерінен 29 тарих пәні мұғалімдері қатысып, іс-тәжірибе алмасты. Семинар-практикум жоғары дәрежеде өтті.







