28 сәуір күні Қаратай Тұрысов атындағы мектеп-гимназиясында география пәнінен жас мамандарға арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша география пәнін оқыту негіздері» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
28 сәуір күні Қаратай Тұрысов атындағы мектеп-гимназиясында география пәнінен жас мамандарға арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша география пәнін оқыту негіздері» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша география пәнін оқыту негіздерін жүзеге асыру жолдарын көрсету.
Семинар –практикумды мектеп-гимназия директоры алғы сөзімен ашты.
Бағдарлама бойынша коучинг «Жаратылыстану пәндерін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында пән мұғалімдері Нұрмаханова Іңкәр, Күзембаева Қымбат, Ахметова Айгерім жүргізіп, , функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ой-қозғап, қолдануға тиімді әдістермен таныстырды.
Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында ХартсКем-нің “Ұстаз жетекшілігімен жүргізілетін дамыту жобасы” бағдарламасына қатысып отырған педагог-сарапшы Нұрмаханова Іңкәр өз жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, білім алушылармен жүргізіп жатқан жұмыстарымен бөлісті. Ашық сабақтарды Алиева Света және Қоржымбаева Айгүл өткізіп, сабақта қолдануға болатын тиімді-әдістерді көрсетті.
Қазіргі күнде туризм саласын дамыту басты назарда тұрған өзекті мәселе екенін соның ішінде өз облысымыздың туризімін дамытуға үлес қостыру үшін 9 сыныптар аралығында «Жамбыл облысының туризмі жоғары деңгейде дамыған ба»? дебат сайысы өткізілді. Сайыста оқушылар өз пікірлерін еркін, нақты дәлелмен жеткізе алды. Дебатта үздік топ, үздік спикер марапатталды.
Семинар соңында келген қонақтар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, жоғарғв баға берді
Семинар-практикумға барлығы-20 мұғалім қатысты.

