Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
13
март
2018

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы

2017 – 2018 оқу жылы, желтоқсан айы

Мектеп – гимназия директорының 2017 жыл 4 желтоқсан № 155 т.3 бұйрығы негізінде 2017 жылдың 20 желтоқсан күні мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Тамақтандырудың сапасын тексеру басшылыққа алынды.

Тексеру жүргізгендер:

1)Ата-аналар комитетінің төрайымы: Халықтаева Г.Т.

2)Даданбаева Э.Т.– директордың орынбасары

3)Төлебекова Р. А. – директордың орынбасары

4)Жайпанова А. – мектеп медбикесі

5)Рысмедетова И.Қ. – әлеуметтік педагог

Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:

Тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі.

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:

Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мектептегі 2135 оқушының 1890-ы ыстық тамақпен қамтылған, ақысыз ыстық тамақпен 215 оқушы қамтылған. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог И.Рысмедетова қадағалайды.

Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер,азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойыншадайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Ата – аналар мен басқа бақылаушылар тарапынан «Шағымдар мен ұсыныстар» журналы арналған. Мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып, «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Оқушылардың мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылуы оқушылардың жалпы санының - 88 % құрайды. Тексеру барысында асханадағы кейбір ыдыстардың сыры ұшқаны анықталды.Оларды дер кезінде ауыстыру ескертілді.

Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.

Шешімі:

1.Тамақ өнімдерінің сапасы, таамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.

2.Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.

3.Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.

4.Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде

5.Аталған кемшілік жөнінде бас аспазшы С. Чиналиеваға ескертіліп, дер кезінде жойылсын.

Ұсыныс:

1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.

2.Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Халықтаева Г.Т.

Директордың орынбасары, мүшесі:Даданбаева Э.Т.

Директордың орынбасары, мүшесі: Төлебекова Р.А.

Мектеп медбикесі, мүшесі: Жайпанова А.

Әлеуметтік педагог, мүшесі: Рысмедетова И.Қ.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
TanyaEvisp
13 апреля 2021 23:07
Интересный эксперимент. Что будет посмотрим - я не предсказатель :)

https://bbiz.chat