Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы 2018 – 2019 оқу жылы, қаңтар айы
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
2018 – 2019 оқу жылы, қаңтар айы
Мектеп –гимназия директорының 2019 жыл 28 қаңтар № 10 т. 6. бұйрығы негізінде 2019 жыл 28 қаңтар күні мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді
Тексеру жүргізгендер:
<!-- [if !supportLists] --> 1) <!-- [endif] --> Ата-аналар комитетінің төрайымы: Халықтаева Г.Т.
<!-- [if !supportLists] --> 2) <!-- [endif] --> Даданбаева Э.Т.– директордың орынбасары
<!-- [if !supportLists] --> 3) <!-- [endif] --> Гужавина Н. П. – технолог
<!-- [if !supportLists] --> 4) <!-- [endif] --> Жайпанова А. – мүшесі, мектеп медбикесі
<!-- [if !supportLists] --> 5) <!-- [endif] --> Тұяқбаева Г.С. – әлеуметтік педагог
Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдарды дайындау технологиясы, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мектептегі 2168 оқушының 1780-і ыстық тамақпен қамтылған, ақысыз ыстық тамақпен 232 оқушы қамтылған. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог Г.Тұяқбаева қадағалайды.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер,азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Оқушылардың мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылуы оқушылардың жалпы санының - 82 % құрайды.
Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешімі:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде
Ұсыныс:
1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.
2.Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Халықтаева Г.Т.
Директордың орынбасары, мүшесі: Даданбаева Э.Т.
Технолог: ГужавинаН.П.
Мектеп медбикесі, мүшесі: Жайпанова А.
Әлеуметтік педагог, мүшесі: Тұяқбаева Г.С.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі
БҰЙРЫҚ
Тараз қаласы № 10 т.6 28.01.2019
Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын,
тамақтандырудың сапасына бақылау жасау,
мониторинг жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №20 бұйрығының 4 бөлім – 82 тармағын негізге ала отырып, мектеп асханасы жұмысының ұйымдастырылуын, тамақтандырудың сапасын бақылау жасау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Комиссия мүшелері:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Асханаға келіп түскен тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақтау мерзімдері мен жағдайлары балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруды; қабылданатын өнімдердің сапасына, оларды сақтау шарттарына , өткізу мерзімдерінің сақталуына, дайындау, технологиясына, дайын тағамның сапасына, ас блогының санитарлық жағдайына бақылау жасалып, тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізсін.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Комиссия жұмысының қорытындысы мектептің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Мектеп –гимназия директоры: Қойлыбаева Э.С