15
декабрь
2021
"Тәуелсіз елдің рухты ұландары" мектеп оқушыларын "Жас Ұлан ұйымына қабылдау"
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдығына орай Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиыны өтті. Іс шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
