Облыстық «Жас жүрген жер-мереке, қарт жүрген жер-береке» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының акциясы
Облыстық «Жас жүрген жер-мереке, қарт жүрген жер-береке» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының акциясы өтті. Іс-шара аясында жастардың үлкендерді сыйлауы, құрметтеуі, үлгі тұтуы айқындалады. «Менің атам-менің апам» өз ата-апалары туралы бейнеролик түсірдік және қарт кісілерге, ата-апаларға арнап құттықтау тілектері айтылды.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сол тұрғыда оқушыларымыздың бойына осы қасиетті дамытып, қарттарымызды құттықтап, ақыл-кеңесін алу жыл-сайын дәстүрге айналды. Қазан айында «Қарттар» күні мерекесіне орай Аға тәлімгердің бастауымен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйым мүшелерінің қатысуымен қала тұрғыны соғыс ардагері, ұлағатты ұстаз Ережепбаев Мүтәліп қарт атаның үйіне мерекелік бағдарламамен кездесу ұйымдастырылды.


