7-мамыр « Отан қорғаушылар» күні мерекесіне орай бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдаудың салтанатты жиыны
7-мамыр « Отан қорғаушылар» күні мерекесіне орай бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдаудың салтанатты жиыны
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ съезінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә.Назарбаев ел жастарын бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына біріктіріп, балалардың «Жас қыран» ұйымын құруды тапсырған болатын. Осы игі бастаманы орындау мақсатында Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында 7-мамыр « Отан қорғаушылар» күні мерекесіне орай бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдаудың салтанатты жиыны 2019 жылдың 3-мамыр күні өткізілді. Салтанатты жиынға мектеп ұстаздары мен оқушылары, «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымдарының мүшелері қатысты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен және Мемлекеттік Туын ортаға әкелуімен басталды.
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының оқуда озат, үлгілі тәртібі мен өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыруға бабалардың ерлігін, бүгінгі буыннның ерен істерін және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық бола білген 247- білім алушыға «Жас Қыран» төс белгі және 289- білім алушыға«Жас Ұлан»ұйымына галстук пен төс белгіні тағуға мектеп ұстаздары , ата-аналар комитетінің төрайымы қатысты.
Бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы: Абитбек Мерей оқушылардың антын қабылдап, оларға өз кезегінде қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу үшін ынталы еңбектенуге және «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары болатынына сенім білдірді. Мектебіміздің жас өнерпаздардың концертімен аяқталды.




