02
сентябрь
2020
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияда дәстүрлі 1 қыркүйек Білім күні мерекесі өтілді.
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияда дәстүрлі 1 қыркүйек Білім күні мерекесі өтілді. Білім күні өтілген сынып сабағының мақсаты- өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мерекелік атмосферасын құру. Өскелең ұрпақтың патриотизмін және тағаттылығын тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру мақсатында 2020 жылғы 1 қыркүйекте Білім күніне арналған бейбітшілік және келісім сабағы өтті.Кезекші сынптардың тәрбие сабағына тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Рахия Сейітбекқызы қатысты. Білім алушыларды Білім күнімен құтықтады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша жарияланған Ассамблея жылы туралы айтып өтті. Қазақстанның табысқа қол жеткізуі және өркендеуі үшін халықтар бірлігі, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің мызғымас саясаты екендігін түсіндірді. Тәуелсіз Қазақстанды сүюді,оның лайықты азаматтары болуын,қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтай білу керектігін айтып өтті.


