27
май
2019
Қамқоршылық кеңес отырысы
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қаратай Тұрысов атындағы
№53 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңес отырысының
ХАТТАМАСЫ №
Тараз қаласы 18.05.2019 ж
Басталуы: 12.30.
Қатысқандар: 8
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Қамқоршылық кеңес есебін тыңдау
- Әр түрлі мәселелер
Бірінші мәселе бойынша Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызы бір жыл бойы атқарылған жұмыстың есебін берді. Жыл бойы оқушылармен атқарылған жұмыстың сараптамасын жасап өтті, жеткен жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталды. Қамқоршылық кеңесі ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында ақпараттық стенд, көп балалы және жағдайы төмен отбасыларының балаларына, мектептің материалдық базасына, дарынды балаларға, мектепішілік мерекелік іс – шараларды ұйымдастыруғақаржылай көмек көрсеткенін айтып өтті.
Шешім:
1.1 Қамқоршылық кеңесі төрағасы А.Д.Аманбаев , есепші А.С.Оразбаева, қоғамдық бақылаушы Н.С.Баймұратов, бала құқықығын қорғаушы Ә.Ө.Үсенбаевтың2019-2020 оқу жылында жұмыстары жалғастырылсын.
1.2 Қамқоршылық кеңесінің 2019 жылға арналған жылдық жоспары жасалсын.
Екінші мәселе бойынша Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызы мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы талдау жасады.Ата – аналар тарапынан сыныпты жөндеу жұмысына ақша жиналмауы керектігі туралы айтып өтті. Меценаттар тарапынан көмек көрсетілуіне мүмкіндік бар екендігіне тоқталды. Жаңа оқу жылында оқушылар мектеп формасын ауыстыратындығын айтты. Мектеп формасы таныстырылып, қамқоршылық мүшелерінің кеңесінде шешім шығарылды.
Шешім:
- Мектеп-гимназияның ағымдағы жөндеу жұмыстарына ата-аналар тарапынан ақша жиналмасын.
- Жаңа оқу жылында оқушылар мектеп формасын үлгіге сай кисін.
Қамқоршылық кеңесінің
төрағасы Аманбаев А.Д.
Хатшы Тиллаева А.С.