27
сентябрь
2019
Қамқоршылық кеңесі алдында Директордың есеп беруі


Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызы және мектеп инспекторы Алғазиев Самат Мураталиевич 29 қыркүйек күні сағат 17.00-де мектеп-гимназияның қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитеті алдында 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиналысқа қамқоршылық кеңесінен 13, ата-аналар комитетінен 89 ата-ана қатысты .Жарыс сөзге шыққандар:
1.Жатқанбаева Гульмира
2.Есмуратова Зухра
3.Есеп соңында жарыссөзге 3-сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы: Г.Жатқанбаева, 6 сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы: З.Қойлыбаева шығып, баяндаманы қанағаттанарлық деп бағалап мектеп ұжымына табыс тіледі. Қорытындылау барысында ата – аналар тарапынан көкейде жүрген сұрақтар қойылды.
3-сыныптың ата-анасы М.С.Баймуратова жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша баланың білім, білік дағдысын қалыптастыруға оқушының кітаппен бірге дәптермен жұмыс жасауы маңызды екенін атады. Осы мәселені қамқоршылық кеңесінде қарап, нәтижесінде шешілген шешіммен таныстыруын өтінді
Екінші сұрақ бойынша 7-сынып ата-анасы Ахметжанова Ақмарал Дәулетбековна интеллектуалды байқау, сайыстардың ақылы екендігін алға тартты. Өзара тепе-теңдік сақталмай қалып, қаржының кесірінен ортада түсініспеушілік туындайтынын айтты. Бұл сұраққа коммерциялық емес ұйымының өкілі, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің бас маман, Джолдасова Гүлфия Сәбитовна алдағы уақытта бұл сұрақтың жауабы қарастырылатынын айтты.