"Жас мұғалім - тәлімгер" жүйесіндегі жұмыс «Өзің жайында айтып бер» әңгімелесу сағаты
Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп - гимназиясында 30 қыркүйек күні "Жас мұғалім - тәлімгер" жүйесіндегі жұмыс «Өзің жайында айтып бер» әңгімелесу сағаты ұйымдастырылды. Мектеп-гимназия директоры С. Е. Төлеу алғы сөзімен бастады. Директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Ю.Ертуганова жас мамандарға жетекшілік сайлап, мектеп тәртібі, ішкі ережелермен, жас мамандарға арналған жадынамамен таныстырып өтті. Мектеп психологтары сауалнама жүргізіп, тренинг ұйымдастырды. «Жас маман» жетекшісі З. С. Қабылбекова, М. С. Тайхожаева «ҚМЖ-ны жүйелі құрастыру-табысты оқытудың кілті» тақырыбында коучинг жүргізді. Семинар соңында жас мамандармен кері байланыс жүргізіліп, нәтижесінде мектепке мамандардың бейімделуіне нұсқаулар берілді.


