15
сентябрь
2022
Жас мамандарға арналған семинар-тренинг
2022-2023 оқу жылы
Тараз қаласы Қаратай Тұрысов атындағы 53 мектеп-гимназиясында 15.09.2022 ж. жас мамандарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Тренингте мектеп-гимназияға жаңадан келген жас мамандар, директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Ю. Ертуганова және жас мамандар жетекшісі А.М. Дуйсенбаева қатысты. Тренинг барысында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді. 2022-2023 оқу жылында жас мамандармен жоспарланған іс-шаралар кестесімен таныстырылды. Жас мамандарға 2020-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат негізінде ҰМЖ, ҚМЖ жасау жолдары мен ТЖБ, ББЖ жасау кестелері туралы толық ақпарат берілді. Әр жас маманның пәніне байланысты ҚМЖ -ны дұрыс құрастыру, оқу мақсаты мен сабақ мақсатын ұштастыра алу, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау жолдары түсіндірілді. Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану туралы да нұсқаулық берілді. Жеке оқушымен, сыныппен жұмыс жасауда кездесетін көптеген қиындықтардың жауаптарын бірлесе табуға тырыстық. Жас мамандар топтасып жұмыс жасап, өз тәжірибелерінде кездескен қиындықтар мен қызықты сәттерін бөлісті. Жалпы, тренинг барысында жас мамандар өз тәжірибелеріне қатысты пайдалы ақпараттар алды.