«Адалдық – сенімнің негізі»
21 қыркүйек күні 5–7 сынып оқушылары арасында «Адалдық – сенімнің негізі» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға адалдықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, шыншылдыққа, жауапкершілікке және әділдікке тәрбиелеу.Танымдық сағат барысында оқушылар адалдық пен сенімнің өзара байланысы туралы ой бөлісіп, түрлі сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, күнделікті өмірде адал болудың маңызын талқылады.