Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық» » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»
27
февраль
2019

Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»

Мерзімі: 26.02.2019 ж.

Сыныбы: 9 «Б»

Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»
Мақсаты:оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық:оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көз қарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкескелуін нақтылау, өз – өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік:мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Әдіс - тәсілдері:«Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Көрнекілік:мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (шарттық шеңбер құрып тілек айту, 3- топқа бөлу).

2. Школьникам сөз беру.

3. Постермен жұмыс.

4. Қорытынды

1. Қайырлы күн, құрметті оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» деп, «Мен таңдаған мамандық» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және өздеріңіз білетіндей 10 – сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына улицаз. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Енді осы мамандық дұрыс таңдау жайлы оқушыларымыздың ойын тыңдасақ

2. 1-оқушы:Мамандық таңдау – ол өмірлік таңдау. Өзінің қай салада қабілеттілгінің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.

2-оқушы: Менің таңдаған мамандығым – байланысшы болу. Қазіргі таңда байланыс саласы адамзаттың басты қажеттілігі болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтіндердің міндеті – сапалы ақпарат жеткізу. Бүгінгі күні байланысшы мамандығын таңдауда қателеспегеніме сенімдімін. Ол үшін «ең бастысы –өз кәсібіңді жан –тәніңмен сүю және бар болмысыңмен бұдан да артығырақ жасауға ықыласты болу».

3-оқушы;Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі

4-оқушы: Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігінесайкәсіптүрінтаңдау..Бұлөтежауапкершіліктіжәнемаңыздыіс. Мамандық таңдау да әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

3. Енді топтық жұмысқа кезек берсек

1-топ: Дәрігер

2-топ: Информатик

3-топ: Бизнесмен

Қорытындылай келгенде,бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.


 Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»

 

 Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»

 

 Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»

 

 Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»

 

 Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»

 

 Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»

 

 Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»

 

 Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»

 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив