10 «А» сыныбында «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» атты тақырыбында » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » 10 «А» сыныбында «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» атты тақырыбында
26
февраль
2019

10 «А» сыныбында «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» атты тақырыбында

Қ.Тұрысов атындағы

№53 мектеп - гимназиясы

10 «А» сыныптың

Анықтамасы


10 «А» сыныбында «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» атты тақырыбында 25.02.2019 ж. дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге сынып түгел қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты:оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі-жар таңдағанда, екеншісі-мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.

Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдау тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Ж. Аймауытов.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.Статистиктердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. Адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге болама? «Мамандық- дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісетінімізді айтып кеттім.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Жалпы мамандық таңдау кезінде бір –бірімен тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп, басшылыққа алған жөн.

1. Бұл мамандық маған не береді? Осы мамандықты таңдасам, өзімнің қабілетімді түгел жұмсап, өзімді - өзім көрсете аламынба?

2. Бұл мамандықты меңгерсем, халыққа, қоғамға қандай пайда келтіре аламын дей отыра, видеоролик көрсеттім. Осы жерде оқушылар өз ойларын еркін жеткізді.

Интербелсенді тақтаны пайдаланып пікірталас жүргіздім. Школьникам мынадай сұрақтар қойылды :

1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?

2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?

3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?

4) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?

5) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңыды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?

Осы сұрақтарға, Нұрсейтова Жанерке өзінің болашақта дәрігер болатынын, дәрігер өте қиын мамандық екенін, оған әр қашан білімді, адамгершілігі мол, қиындықтарды жеңе білу керек екенін айтты.

Ата-ананың арманы-баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала- сүйік, жаман бала- күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата-ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды.

Оқушылармен «Ең жақсы» ойынын жүргіздім: бұл жерде мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсындым, ал оқушылар берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атап отырды:

Ең ақшалы банк қызметкері, экономист.

Ең жауапты сот.

Ең тәтті аспаз, кондитер.

Ең салмақты мұғалім, заңгер.

Ең қарым-қатынасы күшті бизнесмен.

Ең күлкілі Клоун.

Ең жасыл бақташы.

Ортаға: Жанерке, Айжан, Алдияр, Нұрдәулер, Рустам, Жанель, Дильназды шығарып «Егер мамандық иесі болсаң не істер едің.....» ситуациялық сұрақтар қойдым:

«Дәрігер.Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?» сонда Нұрдәулет- былай жауап берді: мен дәрігермін – сіздің анализдеріңіз арқылы диагнозыңызды айтып отырмын. Маған сенбесеңіз басқа дәрігергеанализдерінізді апарып көрсетсеңіз. Мен қойған диагнозды айтып береді деді.

Мұғалім.Сабаққа ата-ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз? – бұл сұраққа Жанерке былайдеп жауап берді: оқушыларға еш ашуланбастан, домтапсырмасын тақтаға орындатар едім. Ары қарай бүгінгі сабақтыбастап кетер едім деді.

Журналист.Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты, Не істер едіңіз?- Нұрдәулер – мақаламды ары қарай жазар едім, ешкімнен қорықпай. Әр оқушы өзіне қойылған ситуациялық сұрақтарды нақты жауап берді. Шағын викторина қою арқылы оқушылардың білімдерін тексердім.

Школьникам кеспе қағаздарға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысуы керек. Қалғандары сол мамандықты табу керек.

(Хатшы, Мұғалім, Кітапханашы, Бухгалтер, Банк қызметкері, Сатушы, Дәнекерлеуші, Әнші, Журналист, Дәрігер, Заңгер, Суретші, Шаштараз) оқушылар бұл ойында да өздерінің мамандықты білетінін көрсетті.

Школьникам квадрат, зигзак, шеңбер, үшбұрыш фигураларын тараттым. Оқушылар өздерінің қалағанын алды. Мен оларға осы фигуралардың қасиеттерін айтып кеттім:

Квадрат.Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.

Зигзаг.Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер.Сенде адамгершілік жоғары дамыған.Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш.Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздкген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқанынан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.


Қорытынды:Әбунасыр Әл Фараби: «...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесекте содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,-деген.

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан

Сынып жетекшісі: Мамралиева Г.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив