Дөңгелек үстел«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» Дөңгелек үстел«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»
27
февраль
2019

Дөңгелек үстел«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназия

 

Дөңгелек үстел

Тақырыбы:

«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»

Сыныбы: 10 «А»

Өткізген : сынып жетекшісі Мамралиева Г.А.

2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті

Мақсаты:оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

Қатысушылар: 10 «А» сынып оқушылары

1.Кіріспе сөз:

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі-жар таңдағанда, екеншісі-мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.

Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдау тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Ж. Аймауытов.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.Статистиктердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. Адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге болама? «Мамандық- дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүддесін ескеретіндей бағытта жүргізілсе құба-құп.

Жалпы мамандық таңдау кезінде бір –бірімен тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп, басшылыққа алған жөн.

1. Бұл мамандық маған не береді? Осы мамандықты таңдасам, өзімнің қабілетімді түгел жұмсап, өзімді - өзім көрсете аламынба?

2. Бұл мамандықты меңгерсем, халыққы, қоғамға қандай пайда келтіре аламын.

Видеоролик көрсету

2. Пікірталас:

1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?

2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?

3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?

4) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?

5) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңыды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?

Ата-ананың арманы-баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала- сүйік, жаман бала- күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата-ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды.

3. «Ең жақсы» ойыны:

Қазір сендерде мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.

Ең ақшалы -------------------- (банк қызметкері, экономист)

Ең жауапты ------------------- (сот, бухгалтер)

Ең тәтті ---------------------- (аспаз, кондитер)

Ең салмақты ------------------- (мұғалім, заңгер)

Ең қарым-қатынасы күшті ------------ (бизнесмен)

Ең күлкілі ------------------ (Клоун)

Ең жасыл ------------------ (эколог, географ. бақташы)

4. Егер мамандық иесі болсаң не істер едің.....(ситуациялық шешу)

Дәрігер.Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?

Мұғалім.Сабаққа атана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?

Журналист.Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты, Не істер едіңіз?

Заңгер.Екі бала арасында келіспеушілік болды, екуіде өздерінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Бұл дау-жанжалды заңгер ретінде қалай шешер едіңіз?

Программист.Сізге облыстан тексеруші келіп ехсеl прогаммасымен жұмыс жасап жүргізді. Бірақ бұл кісі сенің қасында қарап тұр, сен жұмыс істей алмай жатырсың. Не істер едің?

Автоэлектрик.Сіз машинамен келе жатырсыз. Кенеттен машинаңыздың ішінен бір жағымсыз иіс шықты. Ал сонда сіз не істер едіңіз?

Қаржыгер.Зейнеткердің зейнетақысы бір номер қателесіп, келесі адамға түсіп кетті. Сондағы сіздің әрекетіңіз?

Кәсіпкер.Сіз кәсіпкерсіз. Жаңа жылға орай сіз көп отшашулар әкелдіңіз. Бірақ тұтынушылардың ешқайсысы оны алмады. Сізге оның ақшасын толтыру қажет. Сіздің сондағы әрекетіңіз?

5. Шағын викторина.

1. Кім бірінші: ер ме, әйел ме тоқыма тоқыған? (ер)

2. Адамды жұмысқа алу үшін толтыратын құжат қалай аталады? (контракт)

[

close

3. 14 кәсіпорын ашқан орыс патшасы кім? (Петр І)

4. А. П. Чехов мамандығы бойынша кім болған? (дәрігер)

5. Ақшаңыздың санын қалай екі еселеуге болады? (айнадан қарағанда)

6. Қай адам бір қолын көтеріп автомобильді тоқтата алады?(май инспекторы)

7. Кімнің алдында адам бас киімін шешеді? (бастық)

6. «Мамандықты тап » ойыны

Қатысушыларға кеспе қағаздарға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысуы керек. Қалғандары сол мамандықты табу керек.

(Хатшы, Мұғалім, Кітапханашы, Бухгалтер, Банк қызметкері, Сатушы, Дәнекерлеуші, Әнші, Журналист, Дәрігер, Заңгер, Суретші, Шаштараз)

7. Мына пішіндердің бірін таңда:

Квадрат.Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.

Зигзаг.Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер.Сенде адамгершілік жоғары дамыған.Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш.Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздкген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқанынан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.


Қорытынды:Әбунасыр Әл Фараби: «...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесекте содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,-деген.

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан

 

Дөңгелек үстел«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»

 

Дөңгелек үстел«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»

 

Дөңгелек үстел«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»

 

 

 

Дөңгелек үстел«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»

 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив