«Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары» Сынып: 9 «А» » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » «Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары» Сынып: 9 «А»
05
февраль
2019

«Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары» Сынып: 9 «А»

Сыныбы:9 А

Сынып жетекші :Күзембаева Қ.С.

Сабақтың тақырыбы:

Оқушылардың дұрыс тамақтануының мәні.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, әдебімен таныстыру, пайдалы және пайдасыз тамақ туралы түсінік беру, дастархан басында сақталатын рәсімдермен ырымдармен таныстыру;

оқушылардың сөздік қорларын дамыту;

оқушыларды дәстүрді сақтауға, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар:

Суреттер,плакат, маркер, постер.

Сабақтың барысы: Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу

2.Жағымды психологиялық ахуал тудыру

3.Суреттер арқылы топқа бөлу

Суреттер

Сабақтың ортасы

Школьникам дұрыс тамақтанудың мәнін түсіндіру.

Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар, себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады, ал тағам – бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі. Ұрпағымыздың сау, ақылды және белсенді болып өсуіне көмектесу мақсатында оқушының жасына байланысты физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын дұрыс тамақтануды үйретуіміз керек.

Оқушының тамағы үйлесімді болуы керек. Тамақ құрамында мынадай негізгі қоректік заттар болады. Олар: ақуыз, майлар, көмірсу. Оларды мына қарым-қатынаста болу керек: 1 бөлік май, 1 бөлік ақуыз, 4 бөлік көмірсулар.

Тамақта негізгі қоректік заттардан басқа дәрумендер, минералды тұздар, қоректік талшықтар және биологиялық белсенді заттар болады.Оқушылардың дұрыс тамақтануы үшін қажетті азық түліктер және оның пайдасы туралы 4топтың оқушыларынан білейік.

Ақуыздар:Күнделікті оқушы 75-90 грамм ақуыз қабылдауы тиіс. Ол үшін міндетті түрде сүт, айран, шұбат, сүзбе, балық, ет тағамдары, жұмыртқа болуы керек.

Майлар:Тәулігіне оқушы үшін майлардың мөлшері — 80-90 грамм. Мектеп жасындағы бала күнделікті сары май, өсімдік майы, ет, қаймақ қабылдауы тиіс.

Көмірсулар:Оқушының ас мәзірінде көмірсулардың тәуліктік мөлшері 300-40 грамнан аспауы тиіс. Көмірсулар нан, жарма, картоп, бал, кептірілген жеміс, қант құрамында кездеседі.

Витаминдер мен минералдар:

Адам дұрыс жетілуі ас құрамында қажетті дәрумендер мен минералдар болуы қажет.

А дәрумені –Балалардың бой өсіру және дамуы үшін қажет. Ол көздің торлы қабатының құрамына кіреді және жарық сезімталдығын қамтамасыз етеді.

А дәрумені бауырда көп болады.Сонымен қатар балықтарда , сүтте, сары майда, жұмыртқада, қызыл сәбізде, қызыл тәтті бұрышта, көк пиязда, көк шөптерде, қызынақта, аскөкте болады.

С дәрумені немесе аскорбин қышқылы –бұл көбінесе зат алмасу үшін, ағзаның иммундық қорғанысы үшін керек. С дәрумені жетпесе ауру тудыратын микроағзаларға қарсы ағзаның тұрақтылығы төмендейді, зат алмасу бұзылады. С дәруменін мөлшерден тыс қабылдау қауіпті.

С дәрумені -көкөністерде, жемістерде, қарақатта, итмұрында, ит бүлдіргенде, алмада, шабдалыда, құлпынайда, орамжапырақта, петрушкада, қызылшада көптеп кездеседі.

Д дәрумені-майда еритін топ. Бұлар қарын-ішекті жолда кальцийдің сіңірілуін, кальцийдің қаннан қызыл сүйек миына өтуін реттейді. Д тобындағы дәрумендердің адам қанқасының дамуында маңызы зор. Д дәрумені жетіспесе жас балаларда рахит ауруы дамиды. Дәрумендер өсімдіктің, жануар майының ,ірімшіктің, жұмыртқа құрамында кездеседі

Е дәрумені майда еритін дәруменде тобына жатады. Олар ағзада оттегіні тасымалдайды, улы заттарды белсенді түрде залалсыздандырып, өрбу процесіне қатысады. Е тобының дәрумендері өсімдік майларында, бұршақта, жұмыртқада, жаңғақтарда, бақша дақылдарында, бидайда көптеп кездеседі.

Топтық жұмыс

«Бірге ойлаймыз» әдісі

1-2 топ Зиянды тамақтану ережелері

3-4 топ Пайдалы тамақ өнімдеріне жарнама

Өзің жиі тұтынатын азық-түлікті пирамида сатыларына қалай орналастырар едің

Оқушылар әр тағам түрлерінің зияны мен пайдасын айтып береді.

Дәрумендердің пайдасы мен зияндарына сиапттама береді.

Маркер постер

слайд

Сабақтың соңы

Қорытындылау

Бағалау

Рефлекция

«Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары»  Сынып: 9 «А»

 

«Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары»  Сынып: 9 «А»

 

«Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары»  Сынып: 9 «А»

 

«Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары»  Сынып: 9 «А»

 

«Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары»  Сынып: 9 «А»

 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив