Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары» Сынып: 9 «Б»
Дөңгелек үстел
Өткізілген күні: 05.02.2019 ж.
Тақырыбы: «Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары»
Түрі: дөңгелек үстел
Жоспар
1.Жалпы тағамды тұтыну жайлы шолу.
2.Тағамдардың пайдасы мен зияны.
3.Сұрақ- жауап «Кім жылдам»
4.Постер қорғау а) Зиянды тағамдар
ә) Пайдалы тағамдар
5. Зиянды тағамдардан құтылу пікір- талас
6.Ситуациялық сұрақтар
7. Қорытындылау
Кіріспе сөз:
1.Дұрыс тамақтану
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану.Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.
Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Школьникам мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.
Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.
3. 1.Дұрыс тамақтанудың пайдасы?
2.Денсаулыққа пайдасы бар қандай тағамдар жатады?
3.Күнделікті өмірде қандай зиянды тағамдарды қолданасыз?
4.Күнделікті өмірде қандай көлемде су ішу қажет?
5.Қандай диеталық тағамдарды білесіз?
6. Артық салмақты азайту үшін қалай дұрыс тамақтану қажет?
7. Тамақтанар алдында қандай шара қолданасыз?
8. Жеміс- жидектердің денсаулыққа пайдасы туралы не білесіздер?
9. «Ас адамның арқауы» қалай түсінесіздер?
10. Неліктен жемістер мен көкөністерді жуып жеу керек?
Дұрыс тамақтану ережелері:
·тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
·тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.
·тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.
·таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1.Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2.Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
3.Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.
4.Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5.Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Қорытындылау: