«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясында 19 ақпанда мұғалімдер , ата –аналар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде қыз баланың тәрбиесі жайлы әңгіме етті. Қыз баланың тәрбиесі жайында ««Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»тақырыбындағы тамаша сұхбат көрсетілді. Осы сұхбаттан түйіндеген ойды ортаға салдық.
Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым- қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі - жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері - ағысы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас , енді бірі өткір де өжет.
Қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстары өз нәтижесін бермей қоймайды.
Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттық тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек деп ой түйіндеді.
Қыз баланың тәрбиесіне ортақтаса отырып үлкен жауапкершілікпен қарайтындықтарын айтты.


