«Дені саудың – жаны сау»
2019 жылы 4-6 сәуір аралығында 7 сәур «Дүниежүзілік денсаулық күні» қарсанына орай «Дені саудың – жаны сау» атты тақырыпта 8-сыныптар арасында «Біз салауатты өмір салты үшін» флешмоб ұйымдастырылды.
5 сәуір күні салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық-зор байлық» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаттары өтілді.
6 сәуір күні сағат 10.00 –де «Саулық, байлық негізі» акцияға 9-10 сынып білім алушылары қатыстырылып және олардың өмір қауіпсіздігіне , денсаулыққа байланысты лозунг , ұран, топтың аты айтылды.
Дене тәрбиесі пән мұғалімдері денсаулық күніне эстафеталық ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастырып белсене қатысқан сыныптар марапатталды.
Эстафеталық жарыс (таяқшамен жүгіру) – Төреқұлов Б.,
Таубаев С. , Жантаева Д.
100м жугіру – Сатаев Н.,Дәулетов Б.,Ниетбаева Г.
Кедергі арасымен жугіру- Жолдыбаев Н.,Ереш Н., Рысжанов Ш.
Осы жұмыстарды ұйымдастыру дене шынықтыру бірлестік жетекшісі Е.Бертаевқа тапсырылды.
Эстафеталық ойындарға 8-10 сынып оқущылары қатысып, үздік деп танылған білім алушыларға алғыс хаттар берілді.


