Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында 2022-2023 «Ізденіс» әдістемелік орталығының жоспарына сай «Үздік мұғалімнің үздік сабағы» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: мұғалім мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл ұстазды марапаттау.Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.
Байқаудың негізгі міндеттері:
- Талантты педагог қызметкерлерді анықтау және ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату;
- Тәрбие мен білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту мақсатында педагогикалық идеяларды іздеу;
- Оқушылардың қабілеттерін дамытудағы жоғары нәтиже көрсеткен белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге демеу көрсету.
Байқауға қатысу үшін 9 бірлестіктен 7 өтініш келіп түсті.
Байқау қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша Усенкулова Гульвира Ермековна, Әшірбек Айгерім Бейбітқызы, Айлауова Жансая Сламханқызы қатысқаны үшін алғыс хат иеленді.
Бас жүлде- Жунтаева Гульзия Илесбековна, тарих пәні мұғалімі.
І орын- Ермаханбетова Райхан Амирбековна бастауыш сынып мұғалімі.
ІІ орын- Еркебаева Райхан Берикбайқызы,ағылшын пәні мұғалімі.
ІІІ орын- Жарылғапова Жанбота Куралбековна, география пәні мұғалімі иеленді. Байқауға қатысушыларға кәсіподақ ұйымы тарапынан сыйлықтар беріліп, ұстаздарға үлкен жарыстардан жүлделі орындаржан көріне берулеріне тілек білдірді.









