23
декабрь
2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында робототехника бойынша 4-5 сынып білім алушылары арасында техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың автомодельдеу жарысы
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында робототехника бойынша 4-5 сынып білім алушылары арасында техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың автомодельдеу жарысы өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.