«Отбасы құндылығы»
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына «Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес, мектебімізде «Жеңгелер мектебінің» ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» атты тағылымы мол, өнегелі іс-шара өтті. Қазақ халқында жеңгенің орны бөлек. Жеңге — сырлас, ақылшы, салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтарды қыз баланың бойына сіңіруші алтын көпір. Кездесу барысында аяулы жеңгелеріміз оқушы қыздармен ашық сұхбат құрып, шаңырақтың берекесі, үлкенді сыйлау, сыпайылық пен көрегендік туралы құнды ойларын ортаға