Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы
02
ноябрь
2023

Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы

Тақырыбы: Мектеп асханасында  тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы

Қазіргі заманғы мектеп оқушыларының өсуіндегі жоғары жылдамдық пен   ақпараттық, психоэмоционалдық және ақыл-ой жүктемесінің күн санап артуы, әсіресе белок, витаминдер мен микроэлементтер сияқты тағамдық заттектердің жеткілікті мөлшерінің тамақ арқылы тұрақты түсіп отыруын талап етеді. Осыған байланысты мектеп оқушыларының құнарлы тамақтануы– мектеп бағдарламаларын жақсы меңгеру сапасын анықтайтын, толыққанды дене бітімі мен ақыл-ой дамуына қажетті жағдай жасайтын және өскелең ұрпақтың денсаулығының негізін қалайтын білім беру үрдісінің міндетті элементі болып табылады.

Балалардың денсаулығын сақтау және жақсарту мақсатында мектепте ыстық тамақ ұйымдастырудың маңызы зор. 

Тамақтану жүйесін ұйымдастырудың басым бағыттары:

- оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- тамақтану сапасын, калориялылығын және теңгерімділігін бақылау;

Мектеп – гимназияда  биыл барлығы: 2372 оқушы білім алуда. Оның ішінде 921 білім алушы бастауыш сыныптарында білім алып жатыр. 1451 бала  5-11 сыныптарда білім алуда.

Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2020 жылғы 24 сәуірдегі№ 158 бұйрығына 10-қосымша мен  Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2008 жылғы 25 қаңтардағы№ 64 қаулысын  негізге ала отырып  2023 жылдың 4 қыркүйегінен  бастап   5-11 сыныптар аралығы  бойынша төмендегі  санаттағы-  (294) білім алушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.

1 санат бойынша: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 26 оқушы;

2 – санат бойынша:мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан - 240 оқушы;

 3 - санат бойынша: жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өзге  отбасыларда   тұратын 9 оқушы тегін тамақпен қамтылсын.

4 – санат бойынша: жоқ

5 – санат бойынша: Білім беру ұйымының алқалы басқару органы  педагогикалық кеңеске және қамқоршы кеңесіне  өзге де және әр  түрлі   санаттардағы  ұсынылған  5- қосымшаға жататын   19 білім алушы  тегін   ыстық тамақпен  қамтылып жатыр.  Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын қадағалау әлеуметтік педагог Р.К.Еруоваға және Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.С.Сәдірмекова мен мектеп медбикесі Д.Айділдақызы жүктелген.

Бракераждық комиссия әр ай сайын  мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық – түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер,азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай болуын, шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылғанын; Бекітілген мәзір бойынша  дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде болуын; Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілуін;  Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық – гигиеналық талапқа сай болуын;«Бақылау асы» қойылуын; Оқушылардың мектеп асханасынан ыстық тамақпен бекітілген мәзір бойынша  қамтылуын тексеру, бақылау болып табылады.

2023 2024  оқу жылындағы асханадағымұғалімдердің кезекшілік кестесі.



Уақыты

8:30-13:00 (І ауысым)

Кезекшініңаты – жөні

14:00-17:00 (ІІ ауысым)

Кезекшінің аты - жөні

1

Дүйсенбі

Нурмаханова С.

Кадиркулова Г.

2

Сейсенбі

Секербай Н.

Махамедова А.

3

Сәрсенбі

Мырзапейісова Ғ.

Утемуратова Н.

4

Бейсенбі

Балапанова Г.

Айжанова Д.

5

Жұма

Айтқұлова Ғ.

Укижанова Қ.


2023-2024 оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтану кестесі құрылды


І ауысым


Сыныптар


ІІ ауысым


Сыныптар

8:45 – 9:00 

9:10 – 9:25

9:35 – 9:50

10:00 – 10:15

1 «А», «Ә», «Б», «В»

1 «Г», «Д», «Е», «Ж»

4 «А», «Ә», «Б», «В»,«Г»

4 «Д»,«Е»,«Ж», «З», «И»

14:30 – 14:4

14:55 – 15:10

15:20 – 15:35
 15:45 – 16:00

2 «А» «Ә» «Б» «В» «Г»

2 «Ж» «З» «Е» «Д» «И»

3 «А» «Ә» «Б» «В» «Г»

3 «Ж» «З» «Е» «Д» 

10:30 - 10:40

11:20 – 11:30

8, 9 сыныптар

10, 11 сыныптар

16:30 – 16:40

17:20 – 17:30

5 сыныптар

6, 7 сыныптар

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауышсыныпоқушыларынсыныпжетекшілеріасханағаалыпбарадыжәнекезекшімұғалімдертамақтанукезіндегіоқушылардыңтәртібінқадағалайды.

Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балалардың ыстық тамақпен қамтылуы туралы және тағам сапасы туралы айтылды. 

Мектебіміздің ата – аналалар комитеттерімен жиналыс өткізіліп, ата – аналардың асхана тамағын бақылап тұру туралы ұсыныстары ескеріліп, кезекшілік кестесі құрылды. Ата – аналар кестеге сай келіп, асхана тазалығын, тағамның мәзір бойынша берілуі мен тағам дәмін көреді. Тексеріс қорытындысымен мектепішілік ата – аналар жиналысында ата – аналар коммитетінің төрағасы Аманкулова Айжан таныстырады.

Уақыты

Ата – ананың аты – жөні

1

Дүйсенбі

1.Батирова Молдир

2.Жахина Жанна

2

Сәрсенбі

1.Нәзір Арайлым

2.Омар Арайлым

3

Жұма

1.Бекмурзаева Зарина

2.Жолдасова Мақпал


Бала денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Бұл мәселе біздің мектепте ерекше көңіл бөлінеді. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің Әр апта мәзірін Күнделік.MektepMenu қосымшасынан ас мәзірін көруге болады.


Ұсыныс:

      1.Білім алушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.

      2. Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив