04
ноябрь
2022
Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған мәнерлеп оқу іс-шара



үйірме жетекшілері К. Қосыбаева , М.Ынтықбаева , Л.Бейбітова, Д.Аманбаевалардың ұйымдастыруымен Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті. Іс-шараға 3,5,6,9 сынып оқушылары қатысты.
Кешіміз ІІІ кезеңнен тұрды. І кезең «Жырласын ғасыр Мәншүкті». Бұл кезеңде балалар Мәншүк апамызға арнап жыр жолдарын оқыды.
Оқушылар арасында өздері Мәншүкке арнаған туындыларын арнады.
ІІ кезеңде «Мәншүк туралы не білеміз?» Сұрақ-жауап айдары болды. Оқу залында көрермен болып отырған оқушыларға Мәншүк апамыз туралы түрлі сұрақтар қойылды. Білім алушылар сұрақтарға белсене жауап берді.
Ешкім де ұмытылмайды.
Еш нәрседе ұмыт қалмайды дей отыра,
соғыс құрбандарын, Батыр қыз –Мәншүкті 1 минуттық еске алу сәтімен аяқталды.