Лагерь аруы
09.06.2022 ж «Балдаурен» мектеп жаны және жазғы демалыс лагерінде «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысатын топтармен «Лагерь аруы- 2022» қыздар байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Топ ішіндегі қыз балалардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін байқау. Эстетикалық талғамдарын ұштау, өнерге деген құштарлықтарын, ынталарын жігерлендіру. Талғампаздыққа, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Бұл байқау он екі топ арасында өткізілді. Байқауға топ ішінде барлық қыздар қатысты.Байқаудың шарты екі кезеңнен тұрды 1 кезең «Сән дизайны деп аталды, бұл кезеңде қыздар қалдық заттардан киім үлгісін құрастырып, таныстырды. Екінші кезең «Біз- сәнгер жанбыз» бұл кезеңде киім үлгілерін қағазға түсіру тапсырылды.
Қыздардың қалдықтардан жасаған киім үлгілері,кешкілік сән салтанатқа киілетін киімдері өте жарасымды, қағазға түсіріп салған киім үлгілері талапқа сай орындалды.
Байқауға барлық топтар қатысты, сарапшылардың шешімі бойынша жеңімпаз топтар мақтау грамоталарымен марапатталды.