23
апрель
2021
«Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар арасында байқау
Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53сында «Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар арасында байқау өткізілді. Бұл байқауға еңбек өтілі кем дегенде 3 жылға дейін мектепте еңбек етіп жатқан мамандар қатыстырылды. Байқауға қатысқан үміткерлер өзін-өзі таныстыру, бейнесабақ, электронды портфолио, пәндік тест және тақырыптық эссе кезеңдері бойынша сараланды.Нәтижесінде І орын- ағылшын тілі пәні мұғалімі Зейнебекова Нұргул, ІІ орын- қазақ тілі пәні мұғалімі Байдуллаева Аида, ІІІ орын- тарих пәнінің мұғалімі Жүсіп Тоғжан, «Ізденімпаз мұғалім» номинациясын – физика пәнінің мұғалімі Даутова Амина иеленді.