25
декабрь
2021
«Болашақ , саған қол созам»
25 желтоқсанда «Еңбек – елдің мұраты» жобасы шеңберінде «Болашақ , саған қол созам» тақырыбында өзінің кәсіби саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген табысты түлектермен кездесу өтті. Еңбектің әр саласында табысты еңбек атқарып жүрген түлектер жүрек жарды ойлармен бөлісті, қиыны мен қызығы мол кәсіптері туралы нақты мағлұмат берді. Білім алушылар да өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып , тұщымды жауаптарын алды. Кездесуге Тараз қаласы әкімдігінің статисті Таубасов Ғалым Қабылбекұлы қатысты. Мектеп – гимназия директоры Э.С.Қойлыбаева «Жомарт түлек» жобасы аясында ұйымдастырылған жұмыстарына есеп берді , жомарт түлектердің мектеп – гимназияға сыйлаған сыйлықтарымен таныстырып өтті.
