«Ата-ана – ұлттың ұясы»
18 желтоқсан 2021 жылы Тараз қаласында «Ата-ана – ұлттың ұясы» тақырыбында «Баласағұн» мәдениет сарайында оңтүстік аймақтық ата-аналар форумы өтті.Форумды «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Мақсаты – баланың кемел адам болып қалыптасуында ата-ана рөлінің маңыздылығына назар аударту және педагог мәртебесін насихаттау. Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімі мен біліктілігін арттырып, бағыт-бағдар беру. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алатыны туралы мәлімет берілді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы – ата-ана екендігі айтылды.
«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Әлімбек Жұмабаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов , Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Дүйсенбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов ,«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бермағанбетов Ғалымбек форумның құрметті қонақтары өз ойларын ортаға салды, қазіргі заман өзекті мәселесіне тоқталды. Үштік одақтық маңыздылығына нақты дәлелдер келтірді.
Форум барысында еліміздің танымал әншісі, мәдениет қайраткері Жұбаныш Жексенұлы және Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі Әсима Тілектес ән шырқап, өнер көрсетті. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында түсірілген, адамзат пен перзентінің арасындағы нәзік сүйіспеншілікті бейнелейтін бейнеролик тұсаукесері болды. Бейнероликтың авторы отандық телехикаялар арасында рейтингтік көрсеткішімен бірінші орынға шыққан «Жібек», «Асыл арман», «Шырағым» сынды туындылары Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында барша түркі еліне ортақ тарихи тұлға Хорезм шах жайындағы сериалын түсірген қазақтың жас талантты режисеры Нұрғиса Әлмұрат қатысты.Қазақ балаларының мәдениет пен қоғамдық қабілетін көтеретін туындылар түсіруін Нұрғиса Әлмұраттан сұранды. «Ата-ана – ұлттың ұясы» тақырыбында өткен ата-аналар форумына Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясының ата – аналар комитетінің төрағасы Халықтаева Гулиса Тельманқызы қатысты. Осындай үлкен форумнан алған әсерін ата - аналармен бөлісті.Мектеп – гимназиясында үштік одақтық жұмысының іс – шараларын ұйымдастыру үшін Г.Т.Халықтаева аянбай еңбек етуде. Атап айтар болсақ, «Әкелер мектебі» мен «Әжелер мектебін» ашуға үлес қосты. Тараз қалалық ата - аналар комитеті төрайымы Ғ.Рысбаеваның қолдауымен «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарға Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы Қ.И. Үкібасов, мобильдік топ мүшелері Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысының орынбасары К.Ж.Абашова , Тараз қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры М.Н.Тажиев , Тараз қалалық ата - аналар комитеті төрайымы Ғ.Рысбаева, мектеп – гимназия түлегі, журналист Н.Сембеков , №25 орта мектеп ата - аналар комитетінің төрайымы А.Қосарова қатысты.Семинардан алған әсерлерімен бөлісті. №53 мектеп – гимназиясының ата-аналар комитетінің төрағасы Халықтаева Гулиса Тельманқызының ата – аналарымен бірлескен жұмысында жеткен жетістіктері ескеріліп , осы форумда алғыс хатпен марапатталды.