Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53 түлектерімен кездесу » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53 түлектерімен кездесу
03
март
2020

Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53 түлектерімен кездесу

Өтілетін күні: 3.03.2020 ж 

Сағат 11. 00 -де

Тақырыбы:  «Ағалар жолы- бізге үлгі» түлектермен кездесу.

Қатысушылар – түлектер , бастауыш сынып білім алушылары.

Мақсаты:  Мемлекет Басшысының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау , ұрпақтар сабақтастығын орнату, мектеп оқушыларының туған жерге, білім алған мектебіне деген құрметтерін қалыптастыру.

Жүргізуші:

Ыстық мекен, алтын ұя-мектебім.

 Сен арқылыбілім алып көктедім.

 Өзің берген күш-қуаттаннәр алған

 Сағынышпенкездесіп тұр түлегің!

Жүргізуші:

Әр жыл сайын қанаттандырып ұшырып жатқан түлектеріңіз

сенімдеріңізді ақтап, мектебіміздің мақтанышына айналып халқымыздың қалаулы азаматы мен азаматшалары бола берсін деп тілей отырып, 

«Мектебім» әнін сіздерге арнаймыз!

Жүргізуші:

Құрметті, арнайы шақырылған мектепті  бітірген түлектер қауымы, ұстаздар,  білім алушылар. Бүгінгі «Ағалар жолы- бізге үлгі»атты  кездесуімізге   қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

 Мектебіміздің ашылғанына 10 жыл толғанда  мектеп бітірген түлектерімізбен алғашқы кездесуге кешегі мектеп шәкірттері-бүгінгі күні түрлі мамандық иелері, ел азаматтары, ел ағалары болған,мектебімізден әр жыл сайын қанаттанып ұшқан, аяулы мектебімен қауышуға жүректері алып ұшып келіп отырған мектеп түлектері, бүгінгікешіміз өздеріңізге арналады!

Жүргізуші: «Ағалар жолы- бізге үлгі»атты   кездесуге  келіп отырған бұрынғы мектеп түлектерімізбен таныстырып өтейік.

1.Қазақстандық таеквондошы Жапаров Руслан Қайратұлы

2. Заңгер – Нұржігітұлы Серік 

Жүргізуші: 

Иә, уақыт деген көз алдымыздан зымырап өтіп барады! «Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа», деп ұлы атамыз Абай айтып кеткендей алдарыңызда  мектеп партасында отырған білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз бүгін Қазақстан Республикасының білдей бір азаматтары болды.Осы шәкірттеріңізге аналық тілегіңізді білдіріп өтсеңіз екен деген тілекпен Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясының директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызына сөз берейік.

(Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясының директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызы жоба бойынша атқарылатын жұмыстармен таныстырып өтеді)

Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында қаладағы мектеп бітіруші түлектерді өздері білім алған мектептеріне шақыру, оқушылармен кездестіру, табысты түлектердің еңбек жолын үлгі ету, мектептің материалдық жағдайын жақсартуға ықпал жасау мақсатында «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» жобасын іске асыру ұсынылды.

1.Түлектермен кездесу. 12.01.2021 ж. Сағат 11.00 - де

2. «Мектебіме , мың алғыс» акциясы 20.12.2020 ж.Сағат 11.00 - де

(Табысты мектеп түлектері өздері білім алған мектептеріне деген көмектерін көрсетеді)

  1. «Түлектер сабағы» (Танымал мектеп түлектері өздері білім алған мектеп оқушыларына сабақ немесе тәрбие сағатын өткізеді)
  2. «Таразым – құтты мекенім» форумы (Форумға өзге өңірлерге қоныс аударып кеткен 14 облыстан 14 танымал түлекті шақыру)
  3. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» акциясы (2021 жылғы мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектеп бітірушілер аллеясына» тал отырғызу)

Жүргізуші:

Ұстаздарымыздың құрметіне «Ұстаздар» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Құрметті мектеп бітірген түлектеріміз сіздермен мектептегі қызықты күндерімізді еске түсіре отырайық

1.Мектептегі білім алушылардың ұнатпайтын жері? (тақта) 

2.Естелік, қолтаңба қалдыратын тақта, анда-санда жастық болатын 

жабдық.(парта) 

    3.Ата-аналар мен мұғалімдердің таныстыру клубы? (ата-аналар жиналысы)

    4.Ата-аналар қол таңбасының альбомы?(күнделік)

    5.Преподавателимен оқушылардың тағатсыз күтетін күндері?(демалыс) Жүргізуші:

Ақыл-білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп көктедім

Сенсің өмір мектебім

Ыстық мектеп партасы

Оқулығы, картасы

Мұнша қызық болғаны

Мұғалімнің арқасы

Алғыстарым көп менің

Асыл ана мектебім,-дей  келе , сөз кезегі алтын мектебіміздің түлектері 

1.Қазақстандық таеквондошы Жапаров Руслан Қайратұлы

2. Заңгер – Нұржігітұлы Серік

Жүргізуші:

Қабыл етіп қонақтардың тілегін
 Тілегіңді тұмар етіп жүремін
 Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
 Өздеріңіздей болса деймін түлегім,-дей келе,мектеп түлегі атанғалы отырған 10 -11 сынып оқушыларының көкейтесті сауалдары бар екен , сұрақтарын қоюға рұқсат етіңіздер.

1. Жапаров Руслан Қайратұлына сіздің сынып жетекшіңіз кім еді, аты- жөнін атаңыз.

2.Мен сізге  пәнді айтамын, ал сіз  сол пәндерден сабақ берген  мұғалімдердің аты-жөнін ойланбастан атаңыз.

Алгебра, химия, қазақ тілі, биология , физика, денешынықтыру ,орыс тілі

3. Мектебіміздің ардагер ұстаздарын атаңыз.

4.«Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» жобасын іске асыру үшін меткепке қандай үлес қосар едіңіз.

Нұржігітұлы Серік:

1.Бүгінгі   күн  сіз   бен   біз   үшін  ерекше   күн. Өйткені, бірнеше  жылды  артқа салып,білім алған   алтын  ұя  мектебіңізге сағынышпен  келіп  отырсыз,сізде  бір   күндері  ұстаздан  тәлім  алған  шәкірттердің  бірісіз,дәл   осы сәтті  пайдалана  отырып, мектептегі  алғашқы   ұстазыңыз және   оқушылық  кезіңіз  туралы, біз  секілді  жас   буын, ұрпаққа  не  айтар   едіңіз?   

2. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға бар ынта жігеріңізбен араласады деп естідік , қай іс – шара есіңізде жақсы сақталды.

3.«Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» жобасын іске асыру үшін меткепке қандай үлес қосар едіңіз.

Жүргізуші:

«Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артында» -деп қазақтың кемеңгер акыны Сәбит Дөнентаев айтқандай  мектебіміздің бұрынғы түлектері,  қазір әр түрлі салада қаламызда  түрлі мамандық бойынша қызмет етіп жүрген мамандарды,  өз мамандығының игілігін көріп, халқына қызмет етіп жүрген ағаларымыздың ісін үлгі етіп, мектебіміздің көркеюіне үлес қосарымыз сөзсіз.

Жүргізуші:

   Бүгінгі «Ағалар жолы- бізге үлгі»атты  кездесуіміздегі алған әсерлеріңізді кері байланыс ретінде стикерге жазып« Білім ағашына»  қалдыруларыңызға  болады.

Жүргізуші:

Ісім оңсын десеңіз

Сол істің маманы болыңыз,

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз-деген ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен тоқталсақ дейміз.

 Жүргізуші:

«Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну-үлкен бақыт» -деп В.И.Качалов ағамыз айтқандай өз қалаған мамандықтарыңыздың ел кәдесіне жарап, өздеріңізге қуаныш сыйлауына, жұмыстарыңызға табысты болуларыңызға тілектеспіз.Бүгін біздің мектебіміздің қадірлі қонақтарымыз мектеп түлектері мен  ұстаздарымызға ,бізбен бірге болып, алтын уақыттарыңызды қиып, мектебіміздің іс-шарасына арнайы келіп ой бөліскендеріңізге көп-көп рахмет айтамыз.

Ән Атамекен.






















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив