2021-2022 оқу жылының 1 қараша күні «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының» облыстық кезеңі өткізілді.
Облыстық ғылыми жоба байқауында жүлделі орындарға ие болған білім алушылар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз.
Адам және қоғам секциясы бойынша 11 «Б» сынып білім алушысы Момбек Асылай Асылханқызы ІІ орын иеленді, ғылыми жетекшісі - Қойлыбаева Эльмира Сериковна.
Тарих секциясы бойынша 9 «Ә» сынып білім алушысы Баймұрат Нұрдаулет ІлиясұлыІІ орын иеленді, ғылыми жетекшісі- Алтынбекова Гаухар Сериковна.
Қоршаған орта және адам денсаулығы секциясы бойынша 10 «В» сынып білім алушысы Қыдырғали Дария Жанәділқызы ІІІ орын иеленді, ғылыми жетекшісі - Нурмаханова Инкар Абилашевна.
Әдебиет (қазақ әдебиеті) секциясы бойынша 9 «Ә» сынып білім алушысы Смағұл Анар Арнұрқызы ІІІ орын иеленді, ғылыми жетекшісі- Усерова Назым Асылбековна.




