«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»атты дөңгелек үстел » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»атты дөңгелек үстел
01
март
2019

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»атты дөңгелек үстел

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»

атты дөңгелек үстел


Күні: 27.02 .2019 жыл

Өтілетін орны: Тренинг залы

Өткізген: Мәлімбай Т.Қ.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық иелерімен таныстырып, мамандықтар туралы кеңестер беру арқылы қолдау көрсету. Жоспарларын анықтап, психологиялық, патриоттық күш беріп, кәсіптік бағдар көрсету.

Қайырлы күн, құрметті оқушылар мен еліміздің жарқын болашақтары!

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты

кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Отанның болашағы мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айтқан.

«Мамандық дегеніміз не?»,қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Жақсы маман болу үшін алға қандай мақсат керек? Осы және басқа да мәселелер туралы бүгін ой қозғайтын боламыз.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және өздеріңіз білетіндей 10 - сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына көшесіз. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз.

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты дөңгелек үстелге келген қонақтарға қойылатын сұрақтар

1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыздар?

3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

4. Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүруі үшін не істеу керек?

5. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз?

Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?

Әрине, кез келген қоғмда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы өскелең ұрпақтың қолында.

6. Тұлға мамандық таңдар алдында нені басшылыққа алуы керек?

7. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі керек және нені үйренуі керек?

8. Сіздер қандай маман болуды армандадыңыздар, өз мамандығыңызға келмей тұрып.

9. Қазір алдарыңызда отырған жастарға не айтасыздар? Болашақ өзінің мамандығын таңдауы үшін мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек?

10. Егер де, бірнеше мамандықты меңгерсе оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

11. Тұрақты бір салада, мамандығыңызбен ұзақ жұмыс жасап, еңбек ету үшін адамға қандай қабілет керек ?

12. Қазіргі уақытта ауданымызда, жалпы қоғамда өздеріңіз білетін сұранысқа ие қандай мамандықтар деп ойлайсыздар?

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты дөңгелек үстелге қатысатын оқушыларға қойылатын сұрақтар

Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қалаймын,

Өрнектерді оямын,

Терезені қоямын.

«Құрылысшы»

Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып,

Қуантады қашан да,

«Дәрігерлік » мамандық

Денсаулығын ананың,

Денсаулығын баланың,

Денсаулығын қарттың да

Қамқорлыққа алады.

Өндіріске көптеген

Өрісі мол ток берген

Грэс, Гэс-тер жұмысын

Мен арқылы өткерген.

«Инженер»

Бойында шымырлаған алаулаған жалын.

Жақсылық жайы толғандырған жалын.

Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,

Ойлаумен жүр басқалардың қамын.

«Милиционер»

Елім деп соғады жүрегі,

Ұлы Отанның түлегі,

Ол ел- қорғаның,

Тыным таппай жүреді.

«Сақшы»

Оқу- білім арнасы,

Кім ол-оның анасы.

Дамытады ол адамның,

Ақыл – ойын санасын.

«Ұстаз»

Ұлттық өнер жолында,

Шеберлігін шыңдайтын

Мереке, іс-шаралар да

Өнерлі ұжым тынбайтын.

«Мәдениет»

Жағдаяттық сұрақтар

1. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ, ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

2. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?

3. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер етеді ме?

4. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер. Сенің арманыңның орындалуына қандай да бір кедергі келіп тұр қандай шешім қабылдайсың?

5. Айжан мектепте жақсы оқыды, мектеп бітіргеннен кейін заңгер мамандығын таңдады, бірақ ол оқуына түсе алмай қалды.ал, оның құрбысы Ақгүл орташа деңгейде оқыды да заңгер маманына түсіп кетті. Сен бұған не дейсің?

Әбунасыр әл-Фараби «Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады » деген.

Олай болса, осы ұстанымды , бүгінгі айтылған мамандардың кеңесін есте ұстап, алға жақсы мақсат қойып, таңдаған мамандықтарының иесі болады деген оқушыларға сеніммен дөңгелек үстелімізді жабық деп

жариялаймын. Қатысып, кеңес беріп, іс-тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңізге

көптен-көп рахмет. Еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат

тілеймін.

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»атты дөңгелек үстел

 

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»атты дөңгелек үстел

 

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»атты дөңгелек үстел

 

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»атты дөңгелек үстел

 

«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»атты дөңгелек үстел

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив