27
декабрь
2024
10-11 сынып білім алушыларының ата – аналарына арналған 3 сабақ өтілді.
27 желтоқсан күні мектеп-гимназия жанынан құрылған ата –аналарды педагогикалық қолдау орталығы «Өмір бойы оқу: НЕ ҮШІН? ҚАЛАЙ?» тақырыбында 10-11 сынып білім алушыларының ата – аналарына арналған 3 сабақ өтілді.
Мақсаты: ата-аналардың жасөспірімнің өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту үдерістерін қолдауға дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері: 1) ата-аналарды жасөспірім баланың өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту үдерістерін оның өмірлік табысының шарты ретінде қолдауға шақыру;
2) жасөспірімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзін-өзі дамытуын қолдау мүмкіндіктері мен құралдары туралы ата-аналардың түсініктерін кеңейтуге жәрдемдесу;
3) ата-аналардың жасөспірімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзін-өзі дамытуын қолдаудың практикалық дағдыларын игеруіне ықпал ету. Ұлттық құндылықтар: әділеттілік және жауапкершілік.