Мектеп директоры
Койлыбаева Эльмира Сериковна– 1970 жылы 12 ақпанда, Түлкібас ауданындағы «Жас Кешу» колхозының Корниловка ауылында дүниеге келген. 1977 – 1987 жылдар аралағында С.Сейфулин атындағы орта мектебінде білім алған. Білімі жоғары. 1987 – 1992 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының «Тарих» факультетінде білім алған.
1992 – 2006 жылдар аралығында Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, 2006 жылдың 16 қаңтарынан бастап аталмыш мектепте директордың талдау-болжамдау орталығының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдың 16 сәуірінен бастап №25 орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2010 жылдың қазан айынан бастап қазіргі күнге дейін №53 орта мектебінің директоры қызметін атқаруда.