25
май
2024
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназияның 2023-2024 оқу жылының талдамалық қорытынды есебі
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты экономиканың инновациялық даму талаптарына, қоғамның және әрбір азаматтың қазіргі заманғы қажеттіліктеріне сәйкес келетін сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Мектептің білім беруді модернизациялаудың негізгі міндеті – білім беру сапасын қамтамасыз ету, қазіргі өмірдің сұраныстары мен елдің даму қажеттіліктеріне сәйкес тиімді білім беру жүйесін құру.
Мектептің негізгі мақсаты
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жалпы оқыту қажеттіліктеріне бағытталған жеке әлеуетін барынша дамыту, білім мен құзыреттілікке негізделген білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім мен тәрбие алуға бар жағдайлар жасау. Педагогтердің әлеуеттік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету. Қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Осы мақсатта №53 мектеп-гимназия табысты жұмыс атқарып келеді.
Ата-аналар білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігіне; қорғаншылық кеңестері арқылы білімді басқаруға араласуға, мектепалды тәрбие мен оқытуда қолжетімділікті қамтамасыз етуге, баланың табыстары туралы ата-ана білім беру ұйымы байланысы арқылы қашықтықтан ақпарат алуға құқылы болуы заман талабы болып отыр. Қорғаншылық кеңестерінің жұмысын жоғары деңгейге көтеру нәтижесінде білім алушыларға барлығына бірдей сапалы білімге қол жеткізуге, үздік білім беру ресурстары мен технологияларын пайдалануға, коммуникативтік және кәсіби біліктілікті дамытуға мүмкіндік жасалады. Қазіргі таңда оң шешілген жұмыстармен қатар өзгерістерді талап ететін сұрақтар да бар. Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасын, «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығын, осы Қағидаларды, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа ала отырып мектеп-гимназияда Қамқоршылық кеңес жұмыс атқарады. Қамқоршылық кеңес мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылады және оның мақсаты мектеп қызметіне және дамуына жәрдем көрсету мақсатында құрылды. Қамқоршылық кеңесінің басты мақсаты сыныптардың ата-аналар комитеттеріне мектеп қабырғасында балалардың тыныс-тірішілігін қамтамасыз етуіне қатысы бар материалдық бөлігімен таныстыру. Мектепте Қамқоршылық кеңесі қамқорлық акцияларды ұйымдастыру мен оқушылар мен мұғалімдердің түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуға көмек беру мен қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Қамқоршылық кеңес жұмысының нәтижесі күнделікті мектеп-гимназия жұмысы барысында көрініс тауып келеді. Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия ұжымы 2023-2024 оқу жылын табысты тамамдады.
Мектеп-гимназия 2023-2024 оқу жылын 2372 оқушы білім алып 66% білім сапасымен аяқтады. Мектеп – гимназиясында 90 сынып бар, оның ішінде гимназия сыныптары -40.
Мектептегі педагогикалық қызметтің білім берудің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін, мектептің одан әрі дамуын қалыптастыру мақсатында Мектептің Даму Бағдарламыс және мектеп - гимназияның жылдық жоспары арқылы жүзеге асырылды. Мектеп-гимназияның Даму Бағдарламасы алдағы 3 жылда қол жеткізетін индикаторлар: білім сапасы, педагог кадрлардың құрамын жақсарту, жас мамандарды тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдың алу, білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету,білім алушыларды қосымша біліммен қамту, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубының ,"Жас қыран" 1-4-сынып, "Жас Ұлан" 5-10 сынып қозғалысына қатысатын оқушыларының үлесін жоғарлату,мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарланып, білім алушылардың экологиялық, психологиялық, эстетикалық, зияткерлік пен логикалық қабілеттерін жетілдіруде «Экобұрыш», «Шахмат», «Би студиясы», «Психологиялық кабинет», «Ата – аналар қолдау орталығы» ашылып жұмыстар атқарылуда.
Білім алушылардың білім-білік дағдылары, оқу-материалдық база, пәндердің оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларының әл-ауқатын арттыру, психологиялық көмек, білім алушылардың тәрбиелік деңгейін жақсарту, бос уақытын тимімді ұйымдастыру, үйірме мен секциялардың, сыныптан тыс іс-шаралардың мазмұнын жақсарту қарастырылды.
Жоспарланған іс-шаралар дер кезінде орындалып, директор жанындағы кеңес, әкімшілік кеңес, педагогикалық кеңесте қаралып отырды. 2023-2024 оқу жылында мектеп-гимназияда барлығы 195 мұғалім еңбек етті, оның ішінде педагог – шебер -6, педагог – зерттеуші -56, педагог – сарапшы -44, жоғары санатты-2, 1 санатты-2, Педагог кадрларының сапалық құрамы – 56 % құрады.
Инновациялық жұмыс: Әрбір мектеп мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұны арқылы оқушыларды жаңа табыстар үшін табандылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызатын жағдайлар жасауы үшін өзіндік жеке даму бағытында жобалармен жұмыс жасауды жолға қойып келеді. Модификациялық инновация аясында жұмыс жасап жатқан мектеп ұстаздарының ең басты мақсаты – білімді тұлғаны үздіксіз өзгермелі өмірге, болашақ әлемде өмір сүруге дайындау.
Мектеп-гимназияның даму бағдарламасына сәйкес білім сапасын дамыту бойынша «Табыс аймағы» жобасы іске асырылуда.
«Табыс аймағы» жоба аясында төмендегідей жобалар іске асырыуда
1.«Сабақты зерттеу» жобасы
Мақсаты: Мектепте нысаналы сыныптарда оқу мен оқытудың сапасын дамыта тиімді әдістердің зерттеуін жүргізу арқылы оқу сапасын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
Зерттеулер барысында педагогтар мектептегі нысаналы сыныптарда тиімді оқыту үрдісін жүргізу арқылы өзара тәжірибе алмасады, оқыту сапасы дамытуда білім алушылардың оқу белсенділігін жетілдіреді.
2.«Көшбасшылық және басқару» жобасы
Мақсаты:Қашықтық және штаттық оқыту режиміндетаңдалған проблемаларды бірлесіп жұмыс жүргізуде педагогтар өзін –өзі басқару арқылы өзара тәжірибе алмасуда құзыркттіліктерін жетілдіружәне серітес мектептерімен тығыз байланыс орнату.
Күтілетін нәтиже: Мектептің даму жоспарына сәйкес анықталған проблемаларды мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып шешімін табуға бағытталған іс қимылдар ұйымдастырылады, педагогтардың әлеуеті мен кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге негізделген тәжірибе мен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, озық тәжірибелер таратылады.3.«Үздіктер алаңы» жобасы
Мақсаты:Мектеп педагогтарының білім беру қызметінде және кәсіби жетістіктері мен озық тәжірибесін, оқушының оқу мен тәрбиесінің дамуының нәтижелері насихаттау.
Күтілетін нәтиже:
Білім беру қызметінде үздік жобалар жинақталып, өзара насихатталады, үздік оқушылар арасында шығармашылық және ізденушілік қабілеттерін дамыту арқылы қоғамдық белсенділігі дамиды.
3.«Үздіктер алаңы» жобасы
Мақсаты:Мектеп педагогтарының білім беру қызметінде және кәсіби жетістіктері мен озық тәжірибесін, оқушының оқу мен тәрбиесінің дамуының нәтижелері насихаттау.
Күтілетін нәтиже:
Білім беру қызметінде үздік жобалар жинақталып, өзара насихатталады, үздік оқушылар арасында шығармашылық және ізденушілік қабілеттерін дамыту арқылы қоғамдық белсенділігі дамиды.
4.«Цифрлы мектеп» жобасы
Мақсаты: білім алушылардың ақпараттық функционалдық құзыреттілігі мен педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыруда АКТ қолданды оқыту арқылы әдістемесінде озық тәжірибесінің тиімділігін жетілдіру
Күтілетін нәтиже: мектепте АКТ білім беру платформаларын қолдану арқылы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіріледі, білім алушылардың білім, білік қабілеттері дамиды.
Тәрбие жұмысы әлеуметтік жобалар мен акцияларды жүзеге асыруға негізделген: мектеп – гмимназия түлектерін мектеп өміріне белсінді араластыру мақсатында «Белсенді түлек» жобасы іске асырылып келеді. Осы жоба бойынша ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазыма мың алғыс!» хэштегімен құттықтаулар , «Мамандық таңдау – болашақ кепілі» конференцияда түлектер мен 10-11 сынып білім алушылары кездесті , кездесу барысында мекетеп түлектері білім алушыларға мамандық таңдаудан қателеспеу керектігін айтып, мотивация берді.
«Бала бақылауда» жобасын ұйымдастыру туралы
Мақсаты: - қиын жағдайға тап болған балаларды дер кезінде анықтап, оларға көмек көрсету;
- оқушыларға қатысты жасалынатын қылмысты алдын алу.
Күтілетін нәтиже:
«Бақылаудағы бала» жобасы аясында қашықтықтан оқыту жағдайында қиын жағдайға тап болған балаларды анықтап, оларға қатысты жасалатын қылмыстың алдын алу.
Татуласу (медиация) қызметі жұмысы
мақсаттары мен міндеттері
Мақсаттары:
1. Медиативтік тәсіл қағидаттары негізінде даулар мен жанжалдарды шешуде білім беру процесіне қатысушыларға көмек көрсету. Жыл бойы арыз шағым түсірлемеді.
Материалдық-техникалық базаны жақсарту мектеп-гимназияда 55 оқу кабинеті бар. 3 информатика кабинеттерінде 45 компьютермен жабдықталып, барлығы интернет желісіне қосылған. Білім алушылар робототехника бағыттары арқылы 3D моделдеу , программалау робототехника бағыттары арқылы білім алуда. Робототехника шеберханасында 12 дана заманауи ноутбуктармен , 3D принтер, 11 дана arduino (ардунио! , 11 дана make blok (мейк блок) роботымен жабдықталған. 1 дана интербелсенді тақтамен жабдықталған. Компьютерлік сыныптар саны - 3 , жалпы мектептегі компьютерлер саны 120 дана, инфокиоск саны 2 дана. Компьютер саны- 376, планшет-41 , роултор- 342. Бір компьютерге шаққанда 18 баладан келеді. Мәжіліс залы 200 орынға шақталып, музыкалық аппараттармен жабдықталған. Асханада бір мезгілде 150 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Дене шынықтыру сабақтарына қолайлы жағдайлар жасалған. Онда тренажерлар, баскетбол, волейбол, футбол алаңдары қолайлы орналасқан. Медициналық кабинет 4 бөлмеден тұрады, онда медициналық құралдар мен құрылғылар жеткілікті.
Физика, химия, биология кабинеттері лабораториялық жабдықтарын жетілдіруге ҚББ өтініштер берілді.
2023-2024 оқу жылындағы негізгі пәндер бойынша жылдық қорытынды білім сапасына тоқтала кетсем:№53 мектеп-гимназияның білім сапасына талдау жасалынды:
I.1 Білім сапасы. Жылдық қорытынды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім сапасы
Химия- 72%
Физика -68 %
География -72%
Биология -73 %
Жаратылыстану -76%
Математика -71%
Алгебра -68%
Геометрия -68 %
Информатик а -92 %
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша
Қазақ тілі -73 %
Қазақ әдебиеті -73 %
Қазақстан тарих -73 %
Дүние жүзі тарихы -75 %
Құқық -75%
Орыс тілі мен әдебиеті – 78 %
Шет тілі -74 %
Мектептің жалпы жыл бойынша білім сапасына келсек, тоқсан сайын зерделеніп, өсу мен кему динамикасы салыстырылып, төмен білім сапасын көрсеткен сыныптар мектепшілік бақылауға алынып, зерделенді.
Тоқсанға сараптама жасаған кезде білім сапасының өсу динамикасын көруге болады.
Өткен оқу жылында 17 оқушы үйден оқытылса, 6 оқушы инклюзивті білім берумен қамтылды. Биылғы оқу жылында Тараз қалалық ведомствоаралық психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясы мемлекеттік мекемесінің үй жағдайында оқытылатын оқушыларға берген қорытындысының негізінде 17 білім алушы үй жағдайында, 6 білім алушы жеке қаралыммен оқытылады. Ерекше жағдайды қажет ететін білім алушылар үшін мектепте жағдай жасалған. Атап айтсақ мектептің кіре берісінде пандус қойылған.
Мектеп – гимназиясының әлеуметтік паспортына тоқтала кетсек:
Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны –801, толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны – 228, тек анасымен тұратын оқушылар саны – 169, тек әкесімен тұратын оқушылар саны – 13, мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ.
Оқу жылында 398 оқушы тегін ыстық тамақпен, бастауыш сыныптың 1-4 сынып аралығында 715 бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Ыстық тамақтың бағасы 500 тг , ас мәзіріне жеміс-жидектер, йогурт, ірімшік өнімдері қосылды. Тамақ сапасы бойынша брокераж комиссия мүшелері беріліп жатқан тамақты тексеріп отырады. Сыныптың ата-аналар комитет мүшелері де тамақ сапасын көріп, көңілдерінен шығатындығы туралы ұсыныстар қалдырып отырды.
1.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан білім алушылар – 398
2. Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 13
3.Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар - 0
4.Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілер – 3
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, бопсалау мен әр түрлі мәселелердің алдын алуға байланысты мектеп ішінде «Сенім жәшігі» қойылды. Жәшік айына 1 рет ашылып, түскен хаттар директор жанындағы, әкімшілік отырысында талқыланып отырды.
Мектеп-гимназияда «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Оның 12 мүшесі бар. Жоспары жасалынып, бірнеше рет семинарлар, тренинг, кездесулер өткізілді.
2023-2024 оқу жылындағы ұстаздар мен білім алушыларымыздың жетістігіне тоқталып өтейін
2023 жылдың 19 - 21 желтоқсан күндері өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар арасында өткізілген пән олимпиадасының қалалық кезеңінде жүлделі орындар иеленген оқушыларымыз бен жетекшілері
1. Информатика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Төлеген Рамина - ІІІ орын, пән мұғалімі - Айлауова Жансая Сламханқызы.
2. Информатика пәні бойынша 10 сынып оқушысы Серікбай Ернұр - ІІ орын, пән мұғалімі - Төлеу Салтанат Ерсағатқызы.
3. Информатика пәні бойынша 11 сынып оқушысы Серікбай Мансұр - ІІІ орын, пән мұғалімі - Саттаркулов Магуз Серикбаевич.
4. Биология пәні бойынша 9 сынып оқушысы Қойшыбек Нұрболат - ІІІ орын, пән мұғалімі - Абылова Айгерім Қонысқызы.
5. Биология пәні бойынша 10 сынып оқушысы Бердибек Акерке - ІІІ орын, пән мұғалімі - Урпекова Назипа Габитовна.
6. Математика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Уметай Даниал - ІІІ орын, пән мұғалімі - Кадиркулова Дина Нагиметовна.
7. Химия пәні бойынша 9 сынып оқушысы Марат Минура - ІІІ орын, пән мұғалімі - Пернебаева Токжан Рахишбекқызы.
8. География пәні бойынша 10 сынып оқушысы Әмірхан Аяжан- ІІорын, пән мұғалімі Коржымбаева Айгул Үшкемпировна .
9. География пәні бойынша 11 сынып оқушы Баймұрат Нұрдәулет-І орын, пән мұғалімі Жарылғапова Жанбота Куралбековна
10. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10 сынып оқушы Кадырман Асем -І орын, пән мұғалімі Болеген Гулдархан Жарылқасынқызы
11. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10 сынып оқушы Құрманбай Данеля –ІІІ орын, пән мұғалімі Амирекулова Айман Шораевна
12. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9 сынып оқушы Елеусіз Алтынсары –ІІІ орын, пән мұғалімі Байгулиева Дәмелі Нүреловна
13. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11сынып оқушы Орал Дана –ІІ орын, пән мұғалімі Усерова Назым Асылбековна
14. Құқық негіздері пәні бойынша 9 сынып оқушы Адыл Аруна–ІІІ орын, пән мұғалімі Танатбаева Риза Сауранбаевна
15. Құқық негіздері пәні бойынша 10 сынып оқушы Рахматулла Мөлдір –ІІІ орын, пән мұғалімі Толешова Айгүл Ертеступовна
16. Ағылшын тілі пәні бойынша 9 сынып оқушы Мусабекова Аяна–ІІІ орын, пән мұғалімі Абилдаева Мөлдір Ганиевна
17. Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сынып оқушы Молдабек Алина –ІІІ орын, пән мұғалімі Аязбаева Насип Серікқызы
18. Ағылшын тілі пәні бойынша 11 сынып оқушы Смағул Анар –ІІІ орын, пән мұғалімі Өмірзаққызы Арайлым
19. Тарих пәні бойынша 9 сынып оқушы Абдрахман Асемай –ІІ орын, пән мұғалімі Суюмбекова Айзада Сердалиевна
20. Тарих пәні бойынша 10 сынып оқушы Жақсылық Мөлдір –ІІІ орын, пән мұғалімі Адырбекова Бибінұр Барбосынқызы
21. Тарих пәні бойынша 11 сынып оқушы Нұрмахан Антал –ІІ орын, пән мұғалімі Баймұратова Дина Байжановна
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 2024 жылғы 4-5 қаңтар аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар арасында өткізілген пән олимпиадасының облыстық олимпиадада жүлделі орын алған оқушылар оқушылар:
1. Информатика пәні бойынша 10 сынып оқушысы - Серікбай Ернұр - ІІ орын, пән мұғалімі - Төлеу Салтанат Ерсағатқызы.
2. География пәні бойынша 10 сынып оқушысы Әмірхан Аяжан- ІІІорын, пән мұғалімі Коржымбаева Айгул Үшкемпировна .
3. География пәні бойынша 11 сынып оқушы Баймұрат Нұрдәулет-ІІІ орын, пән мұғалімі Жарылғапова Жанбота Куралбековна
4. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10 сынып оқушы Кадырман Асем -ІІорын, пән мұғалімі Болеген Гулдархан Жарылқасынқызы
5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11сынып оқушы Орал Дана –І орын, пән мұғалімі Усерова Назым Асылбековна
6. Тарих пәні бойынша 9 сынып оқушы Абдрахман Асемай –ІІІ орын, пән мұғалімі Суюмбекова Айзада Сердалиевна
7. Тарих пәні бойынша 11 сынып оқушы Нұрмахан Антал –ІІ орын, пән мұғалімі Баймұратова Дина Байжановна
Республикалық кезең
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10 сынып оқушы Кадырман Асем -грамота пән мұғалімі Болеген Гулдархан Жарылқасынқызы
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар» конкурсының І (қалалық) кезеңінде 12 жүлделі орындарға ие болған білім алушылар
Әдебиет секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Серікбай Ақбаян ІІІ-орын иеленді. Жетекші: Дуйсенбаева Айнур Миргалиевна.
Физика секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Алтынбек Алина ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Кандашбек Шохан Азимханович.
Тарих секциясы бойынша 9 сынып оқушысы Мейрамбек Мерей ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Суюмбекова Айзада Сердалиевна.
Өлкетану секциясы бойынша 9 сынып оқушысы Елеусіз Алтынсары ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Суюмбекова Айзада Сердалиевна.
Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Тоқтарбайқызы Зерделі ІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Шакірбаева Салтанат Ерікқызы.
Биология секциясы бойынша 9 сынып оқушысы Мұхамедәлі Нұрхаят ІІІ орын иеленді. Жетекшісі:Абылова Айгерим Конысовна
Әдебиет секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Молдабай Серке ІІ орын иеленді. Жетекшісі Сарбасова Азиза Кырыкбаевна.
Ағылшын тілі секциясы бойынша 9 -сынып оқушысы Бахытова Аружан
ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Өмірзаққызы Арайлым.
Қолданбалы математика секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Керімби Жанерке оқушысы ІІ орын иеленді.
Жетекшісі - Утенова Гүлнар Ануаровна.
Облыстық кезең
Математика секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Жақсылық Мөлдір ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Мамралиева Гульнур Аймахановна
Тіл білімі (орыс тілі) секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Кадырман Асем ІІІ орын иеленді. Жетекшісі - Болеген Гулдархан Жарылкасынкызы.
Әдебиет (орыс әдебиеті) секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Курманбай Данель ІІ орын иеленді. Жетекшісі : Амирекулова Айман Шораевна
Республика кезеңі
бойынша 10 сынып оқушысы Кадырман Асем грамота иеленді. Жетекшісі - Болеген Гулдархан Жарылкасынкызы.
Қолданбалы математика секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Керімби Жанерке оқушысы грамота иеленді.
Жетекшісі - Утенова Гүлнар Ануаровна
Республикалық жас зерттеушілердің «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының қалалық кезеңінен жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
• Болатжан Ердаулет Даниярұлы, 4 «Б» сынып білім алушысы І орын. Жетекшісі: Аязбай Разиля Қадырханқызы. • Жанболат Мерей Медетбекқызы, 6 «Ә» сынып білім алушысы ІІ орын. Жетекшісі: Даулетова Шынар Рысбаевна. • Копбосынов Тамирлан, 4 «А» сынып білім алушысы ІІІ орын. Жетекшісі: Ермаханбетова Райхан Амирбековна. 2-7 сынып оқушылары арасындағы “Зерде” республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезең жүлдегерлері
• І дәрежелі Дипломмен Туризм секциясы бойынша 4 сынып оқушысы Болатхан Ердәулет Даниярұлы. Жетекшісі: Аязбай Р.• ІІ дәрежелі Дипломмен Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша 6 сынып оқушысы Жанболат Мерей Медетбекқызы. Жетекшісі: Даулетова Ш. Р.• ІІІ дәрежелі Дипломмен Медицина секциясы бойынша 4 сынып оқушысы Копбосынов Тамирлан. Жетекшісі: Ермаханбет Р.А.Республикалық кезең
• Болатжан Ердаулет Даниярұлы, 4 «Б» сынып білім алушысы ІІ орын. Жетекшісі: Аязбай Разиля Қадырханқызы. • 2024 жылдың 1-2 ақпан күндері өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптар арасында өткізілген пән олимпиадасының қалалық кезеңінде жүлделі орындар иеленген оқушылар
Ағылшын тілі пәні бойынша 5 сынып оқушысы Зайырбек Инаят – І орын, пән мұғалімі Молдабаева Гульнара Абдижапаровна.
Математика пәні бойынша 5 сынып оқушысы Сайлаубек Нұрасыл – ІІІ орын, пән мұғалімі Исаева Аида Бақытқызы.
Қазақ тілі тілі пәні бойынша 6 сынып оқушысы Болат Арай – ІІ орын, пән мұғалімі Сыздықова Шолпан Асқарбекқызы.
Орыс тілі пәні бойынша 6 сынып оқушысы Өмірбай Әліби – ІІІ орын, пән мұғалімі Сарбасова Альмира Утешовна.
Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысы Сабырхан Аян – ІІІ орын, пән мұғалімі Балапанова Айым.
Тарих бойынша 6 сынып оқушысы Ерғали Аяна – ІІІ орын, пән мұғалімі Жунтаева Гульзия Илесбековна.
Жаратылыстану пәні бойынша 6 сынып оқушысы Абдулла Гүлсезім – ІІІ орын, пән мұғалімі Алиева Света Куанышбаевна.
Ағылшын тілі пәні бойынша 6 сынып оқушысы Тұрғанбек Айлин – ІІІ орын, пән мұғалімі Караулова Макпал Курманбековна.
облыстық кезең
Ағылшын тілі пәні бойынша 5 сынып оқушысы Зайырбек Инаят – І орын, пән мұғалімі Молдабаева Гульнара Абдижапаровна.
5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде жүлделі орындарға ие болған білім алушыларымыз бен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!
5 "А" сынып білім алушысы Мықтыбек Адинұр ІІ орын иеленді. Жетекшісі - Исаева Аида Бахытовна.
6 "З" сынып білім алушысы Сабырхан Аян І орын иеленді.
Жетекшісі - Кадиркулова Дина Нагиметовна.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Республикалық VIII «Шерхан оқулары» байқауының қалалық кезеңінде
10 сынып оқушысы Қойшыбек Нұрболат І орын иеленді.
Жетекшісі- Байгулиева Дамели Нуреловна.
10 сынып оқушысы - Жақсылық Мөлдір ІІ орын иеленді.
Жетекшісі – Усерова Назым Асылбековна.
10 сынып оқушысы – Жақсылық Айым ІІІ орын иеленді. Жетекшісі –Дуйсенбаева Айнур Мирғалиқызы.
7 - 8 сынып оқушылары арасында өткен география пәнінен Ұлттық Олимпиадасында 7 «В» сынып оқушысы Халмахамбет Амир қалалық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Күзембаева Қымбат Сүйінбекқызы.
8 - 10 сынып оқушылары арасында өткізілген «Мектебің алтын ұяң жарқыраған, Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған» атты эссе байқауында 8 Ж сынып оқушысы Мизамбай Мерей жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі - Шалтаева Айгуль Рысбековна.
Қалалық «Үздік авторлық бағдарлама - 2023» байқауында жүлделі орындар
Бастауыш сынып мұғалімі Тынысбаева Жанат Агланбековна І дәрежелі диплом иеленді.
Математика пәні мұғалімі Кадиркулова Дина Нагиметовна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Химия пәні мұғалімі Пернебаева Токжан Рахимбеккызы ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
Информатика пәні мұғалімі Тұрсын Ұлжан Төреханқызы ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
Көркем еңбек пәні мұғалімдері Оразалиева Анар Ажибаевна, Таукебаева Туракул Жумабаевна ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
Бастауыш сынып мұғалімі Ермаганбетова Райхан Амирбековна ІІ дәрежелі диплом иеленді.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІ дәрежелі диплом иеленген бастауыш сынып мұғалімі Арлан Айгерімді
«Үздік бейнесабақ» атты қалалық байқауда орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мамырбаева Мадина жүлделі ІІ орын иеленді.
Сабақ time: 2024 жлдың 31 қаңтар күні Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында облыстық «СабақTIME» жобасы ашық сабақтар циклінде тарих пәні мұғалімі Баймуратова Дина сабақ берді. 2023 жылы мектепте «СабақTIME» жобасы аясында семинар – практикум мазмұнды өтуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2024 жылы мектепте «СабақTIME» жобасы Тарих сабағында білдім алушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру” тақырыбы аясында семинар – практикум мазмұнды өтуіне қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Үйірме жұмысы
Тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, алғыс айту, ілтипат, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажет. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу ісі: - оқу пәндерінің мазмұны; - сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар; - сыныптан тыс іс-әрекеттер мен қосымша білім беру (үйірмелер, клубтар, секциялар, факультативтер және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп-гимназияішілік үйірмеге 2372 оқушы қамтылған 100%, мектептен тыс үйірмеге 992 оқушы қамтылған 41 % құрайды.
Спорттық бағытта - «Толағай» ұлттық ойындар , «Көңілді эстафеталық ойындар» , «Волейбол» , «Футбол» , «Кіші футбол», «Шахмат» , «Баскетбол», «Тоғызқұмалақ», «Гандбол», «Гимнастика» спорттық секциялары мен үйірмелері жұмыс істейді.
Көркемөнерлік эстетикалық бағытта – «Сырлы бояу» , «Драма» үйірмесі, «Шебер қолдар» , «Шұғыла» би үйірмесі, «Ерке наз» домбыра үйірмесі.
Экологиялық – биологиялық бағытта - «Гүлдер сыры», «Жас эколог» , «Жас географ» , «Киелі қасиетті жерлер географиясы» үйірмесі.
Тілдік бағытта - «Жас лингвист» үйірмесі , «Жас зерттеуші» үйірмесі, «Жас тілші» үйірмесі, «Ұлт мұрасы» үйірмесі.
Білім алушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту барысында «Жас лидер», «Дебат» үйірмесі бар.
STEM/ ЅТЕАМ технологияларына негізделген тәсіл сабақта да, сабақтан тыс уақытта да қолданылады. Осы мақсатта ЅТЕАМ жас информатиктер үйірмесі өз жұмысын атқаруда.
Сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде: әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарытуға ықпал ететін «Әдеп әліппесі», «Әдеп және әдептілік» үйірмесі ұйымдастырылған.
Қалалық қыздар арасында шахматтан өткен жарыста жүлделі I орынды Тапелова Айзере Дастанқызы иеленді.
9-11 сынып оқушылары арасында қалалық шахматтан өткізілген «Ұлттық мектеп лигасында» жүлделі II орын иеленді. Үйірме жетекшілері: Б.Утегенов, Е.Бертаев, Қ.Тұрғалиев
Көркем гимнастикадан өтілген халықаралық жарыста жүлделі ІІІ орынды иеленген 3 «А» сынып оқушысы Абыз Айзере.
Көркем гимнастикадан өтілген халықаралық жарыста жүлделі І орынды иеленген 2 «В» сынып оқушысы Абыз Айлин.
Қазақстан Республикасы оқу – ағарту министрлігінің ұйымдастырумен өткен мұғалімдер арасында ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ Жамбыл облысы құрама командасы ІІІ орын иеленді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Г.Ниетбаева мен Д.Жантаева
Қазақстан Республикасы Оқу – Ағарту министрлігінің ұйымдастырумен мұғалімдер спартакиадасында жалпы командалық есепте Жамбыл облысы құрама командасы І орын иеленді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Г.Ниетбаева мен Д.Жантаева.
Спорттық секция жетекшілерінің "Спорт және мен" жобасын іске асыру мақсатында кездесу өткізді.
Баскетбол,волейбол,шахмат, тоғызқұмалақ үйірме жетекшілердің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына орай баскетбол,волейбол,шахмат, тоғызқұмалақ спорттық ойынынан жарыстар ұйымдастырды.
Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 7, 32, 53 округ мектептерінің мерекелік бағдарламасы өтті! Бағдарламаға «Еркеназ» домбыра үйірмесі, «Шұғыла» би үйірмесінің білім алушылары өнер көрсетті. Сонымен қатар Тараз қаласы әкімдігінің "Ер қаруы бес қару” атты ұлттық ойындар фестиваліне әр мекемеден командалар қатысып, Қаратай Тұрысов атындағы #53 мг 1- орынды жеңіп алды! Команда мүшелері ұстаздар мен оқушылар. «Арқан тартыс» ұлттық ойынға 6 з сынып оқушылары қатысып I орын иеленді.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің II орын иегері Алтынбек Аруна Асхатқызы, жетекшісі: Әуесбай Айғаным Ілиясқызы.
«Жасыл мектеп » жобасы аясында білім алушылар арасында айлық акция ұйымдастырылды. Акцияда табиғат тақырыптарында кинолар мен мульфильм түсірілді. Қалдық заттарды жинап, «моколатура, қалбыр қалдықтарын жинап, өткізіп, түскен қаржыға гүлге топырақ, қауашақтар алып, балаларды еңбекке баулу мақсатында.
Эко жоба аясында табиғатқа байланысты кино,мультфильм түсірілді. Нәтижесінде 10 а сынып оқушысы Ержанов Санжарға «Үздік актер» номинациясы берілді.
«Үздік режиссер» номинациясыy 9 ә сынып оқушысы Әбдіманап Шапағат алды.
«Үздік мультфильм» номинациясын 6 ә сынып алды.
«Үздік кино» номинациясын 9 «а» сынып алды.
«Үздік режиссер» номинациясыy 6 ә сынып оқушысы
"Наурыз-Ұлттық салт - дәстүрді дәріптеу" айы 9 айға 9 іс - шара жоспары негізінде мектебіміздің домбырашылар ансамблі Домбыра күні аясында "Домбыра челленджі" акциясы өткізілді.
Халықаралық фестиваль қозғалысы Қазақстан таланттарының Республикалық фестиваль конкурсында жүлделі II орынды «Шұғыла» би үйірмесінің білім алушылары иеленді. Жетекшісі: Байсымакова Жанерке
8 б сынып оқушысы Ерғали Айзере Қалалық «Ең үздік жүргізуші» байқауына қатысып жүлделі I орын иеленді.
2 күнге созылған шараға 100 ден аса команда қатысып,ЅТЕАМ жас информатиктер үйірмесінің жетекшісі Айлауова Жансая Сламханқызының жетекшілігімен «IT Stars» команда капитаны Жасұзақ Ади «IT Академия» грантының жеңімпазы атанды.
Облыстық пікірсайыс турнирінде «Үздік кейс» номинациясының иегерлері Молдабек Алина, Жақсылық Мөлдір. Жетекшісі: Амиреева Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада өнер өлкесінде көпшіліктің көзайымына айналған «Тараз» триосының 50 жылдығына арналған «Алатаудан басталған әуен» атты мерекелік концертінде жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін драма үйірмесінің білім алушылары алғыс хатпен марапатталды.
Қалалық «Менің ойыным» футбол фестивалінде қыздар командасы жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Таубаев С.
Республикалық «Жарқын Болашақ» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен VIII Республикалық «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында «Хореография» жанры бойынша өнер көрсеткені үшін «Шұғыла» би үйірмесінің білім алушылары бас жүлдемен марапатталып, Өзбекстан мемлекетінде өтетін балалар өнер байқауына жолдама алды.
Қалалық балалар көркем сурет байқауында жүлделі ІІ орын иеленген Мұхтар Балым марапатталды.Жетекшісі:Ырзалықова Ақерке Мақпалқызы.
XI қалалық “Жүректі әуен” атты балалар хор ұжымы байқауына қатысып, үздік өнер көрсеткен балалар хор ұжымы бас жүлдемен марапатталды.Жетекшісі: Сиқымбай Айдана
Мектепте өтіп жатқан оқу-тәрбие үдерісіндегі басты жаңалықтар мен жетістіктер Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері және №53 мг сайты арқылы жариялануда
Жаңа 2024-2025 оқу жылына қойылған міндеттер:
1. Материалдық-техникалық базаны нығайту химия, физика, биология пән кабинеттерін лабораториялық жабдықтармен толықтыру;
2. Авторлық бағдарламаларды дайындау мен әдістемелік және дидактикалық оқу құралдарын жасау жұмыстарын жүйелі жолға қою;
3. Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін, жобасын енгізу жұмыстарын жетілдіру
4. Педагогтердің әлеуетін жетілдіруде кәсіби байқауларғ ақатысу үлесін көтеру 5. Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту.
6.Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру .