05
февраль
2025
«Қаратай Тұрысов қайраткер тұлға» тақырыбында 10 оқушылары арасында мектепішілік конференция
05.02.2025 күні «Қаратай Тұрысов қайраткер тұлға» тақырыбында 10 оқушылары арасында мектепішілік конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: оқушыларға ұлт мақтанышы Қ.Тұрысовтың өмірбаяны мен ерен еңбегін насихаттау. Конференцияға Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, журналист ағамыз Жаппарұлы Болат мырза, Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының мамандары Құттыбек Әшірхан, Қалисаева Алима, Қуанышбек Жалғас қатысты. Конференцияны мектеп директоры Төлеу Салтанат Ерсағатқызы ашты. Келген қонақтар қызықты естеліктері мен ақпаратарымен бөлісті. 10 сынып оқушылары Қаратай Тұрысов жайлы баяндамаларын оқыды. Туған халқы үшін маңдай терін төгіп, артында аңыз қалдырған саяси тұлғаның есімін ұлықтау ұрпаққа міндет деп білеміз» -, деді қатысушылар.#біртұтас_тәрбие Алиева Горчак