10
январь
2025
«Желтоқсан оқиғасы –Тәуелсіздік бастауы» атты кездесу
Ел егемендігінің 33 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай 10 желтоқсан күні Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында «Желтоқсан оқиғасы –Тәуелсіздік бастауы» атты кездесу кеші өтті. Кешке кеңестік империяның іргесін шайқалтқан қазақ жастарының толқуына қатысушылар қатысып, білім алушыларға естеліктерімен бөлісті.Кездесуде желтоқсаншылар Исмайл Шоқай,Ыдырысова Дариға Түймебайқызы,Төлеу Салтанат Ерсағатқызы білім алушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар кездесу кешінде мектеп-гимназия білім алушылары Тәуелсіздік жырларын жатқа оқып,күмбірлеген күй мен құлақ тұндырар әндерін де ортаға салды.