Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасөспірімдер арасында волейболдан жарыс
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясында 25 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасөспірімдер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Мақсаты : Тәуелсіздіктің 30 жылдығын насихаттау , дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері қалыптастыру , білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын үйлестіру. Жарысқа «Айбын» тобы, «Қазақстан» тобы , «Тұмар» тобы , «Алма» тобы, «Айбын» тобы қатысты.Жеңіске жеткен топ медаль , кубоктармен марапатталды. І орынды «Алма» тобы, ІІ орынды «Тұмар» тобы, ІІІ орынды «Қазақстан» тобы иеленді.
