«Жаһандық қауіпсіздік проблемаларын шешу жолдары» атты қашықтықтан эссе байқауы
Қоршаған ортаны сақтап қалу, адам өміріне қолайлы, жағымды экологиялық жағдайды қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда үлкен маңыздылыққа ие болуда. Экономика, саясат секілді маңызды орын алатын бағыттар қатарына экология да қосылды. Бүгінгі күні қоршаған ортаны қорғау мәселелері жаһандық сипат алып келеді. Экономикалық жедел даму,ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаға, онда мекен етуші адамдардың денсаулығына өзінің үлкен зардабын тигізуде. Адамзат табиғатты құрбан ету арқылы дамудың салдарларына енді көңіл бөле бастады. Аталмыш мәселе бүгінгі күні көптеген ғылыми басқосуларда талқыланып, шешу жолдары іздестіріліп, экология саласында қаншама халықаралық құжаттар қабылданып қол қойылса да, әлі де шешімін таба алмай отырған мәселелер қатарында. Осыған орай Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы 19.01.2021 жылы 9-11 сынып білім алушылары арасында «Жаһандық қауіпсіздік проблемаларын шешу жолдары» атты қашықтықтан эссе байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың нәтижесінде 9 «Ә» сынып білім алушысы Айболатқызы Шапағат І орын, 9 «Б» сынып білім алушысы Секербай Ұлту ІІ орын, 9 «З» сынып білім алушысы Сайлаухан Гаухартас ІІІ орын иеленді.
Байқаудың негізгі мақсаты адамзаттың ғаламдық проблемаларының туындауы, проблеманың мәні,оны шешудің мүмкіндіктеріне деген жас буынның көзқарасын, ұсынысын білу, жаңашырлыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу арқылы ғаламдық проблемаларды шешуге күш салу болатын.


