жұмысқа қабылдау туралы » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№53 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » жұмысқа қабылдау туралы
29
сентябрь
2022

жұмысқа қабылдау туралы

     «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ    БӨЛІМІНІҢ №53 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ БОС                            ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп -гимназиясы» КММ. Мекеменің мекен- жайы: Тараз қаласы, Астана мөлтек ауданы 10А. Анықтама, байланыс номері: 34-13-11. Электрондық пошта: school_53_astana@mail.kz
  2. Негізгі функционалдық міндеттері:      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы » Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспиктиваларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
  3. Конкурс төмендегі бос орынға жүргізіледі:

Әлеуметтік педагог (декреттік орын),  айлық жалақысы 90 000 (тоқсан  мың)

  1. Кандитатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық  немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын  құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес , педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог – модератордың , педагог – сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог » санаты бойыншы Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
  2. Құжаттарды қабылдау мерзімі : 2022 жылдың  30-10 қазан  аралығында. 

Конкурсты өткізу күні :  11-17 қазан аралығында  2022 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3- тарау , 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама; соттылық
      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Астана мөлтек ауданы 10А мекен-жайында орналасқан «Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының» қабылдау бөлімінде қабылданады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив