Мектепішілік пән олимпиадасы
30 қазан күні 9-10-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімдерін тереңдету және қалалық оқушылардың пән олимпиадасына қатысуға оқушыларды іріктеу. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Дарынды балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, талантты оқушыларды анықтау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың пән олимпиадасын өткізу үшін мектеп-гимназия директорының 27.10.2023 жыл №145т.2, «Мектепішілік олимпиада өткізу туралы» бұйрығы шығарылды.
Әр әдістемелік пән бірлестігінде олимпиада материалдары қаралып, әдістемелік кеңес құрамымен бекітілді. Комиссия мүшелері сайланып, хатшылар тағайындалды. Алдын ала 9-10-11 сынып оқушыларының олимпиадаға қатысатын тізімі жасалды. Пән олимпиадасы негізгі қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих, құқықтану, физика, информатика, биология, география, химия пәндерінен өткізіліп мектепішілік пән олимпиадасынан І орын алған 32 оқушы қалалық кезеңге өтті. Күзгі демалыс кезінде пән мұғалімдері олимпиадаға қатысушылармен дайындық жұмыстарын жүргізуде.



