БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗҒА СӘТТІЛІК!
2021-2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 14 -19 ақпан аралығында өткізілмек. Осыған орай мектеп-гимназия бойынша қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, құқық, математика, информатика, өзін-өзі тану, география, химия, биология, физика пәндерінен олимпиадаға қатысатын білім алушылар және олардың жетекшілерімен кездесу өткізілді. Кездесуде мектеп-гимназия директоры Койлыбаева Эльмира Серікқызы олимпиада қатысушыларына сәттілік тілеп, білім додасында биіктен көрініп, жүлделі орын иеленуіне тілек білдірді. Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ертуганова Балжан Юлдашбековна 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібімен, өткізу кестесімен және олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысушыларға арналған нұсқаулықпен таныстырып, фото, бейне түсірілім және жеке дерекектерді өңдеу бойынша ата-аналардан КЕЛІСІМ болуы керек айтылды. Білім алушыларымызға жүлделі орындарға ие болуына тілектеспіз!


